7-сыныптарға конкурстық іріктеудің кешенді тестілеуі 2-3 наурыз күндері Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде жазбаша тестілеу форматында өтеді. Үміткерлер белгіленген уақытта зияткерлік мектепке келулері қажет (Жамақаев к., 145).
І лек (қазақ тілінде оқыту)
7.00 – 9.31 – үміткерлерді тіркеу
9.40 – 10.00 – бейненұсқаулық
10.00 – тестілеудің басталуы
ІІ лек (орыс және қазақ тілінде оқыту)
14.00 – 16.01 – үміткерлерді тіркеу
16.10 – 16.30 – бейненұсқаулық
16.30 – тестілеудің басталуы
Тіркеу жабылған соң тірукеуге келген үміткер тестілеуді тапсыруға жіберілмейді.
Тестілеудің бірінші күні қатыспаған үміткер тестілеудің екінші күні қатыса алмайды.
Байқау екі кешенді тестілеуден тұрады:
Тестілеудің бірінші күні жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді зерделеу қабілеттерін бағалау тесті,
Тестілеудің екінші күні қазақ, орыс және ағылшын тілдерінен тілдік тест өтеді.