«Кемел Адам» жобасы

Зияткерлік мектеп оқушылары «Кемел Адам» концепциясы негізінде құрылған жобаның қатысушылары атанды және игі бастаманың алғашқы қадамы ретінде тренерлерге арналған тренингтен өтті.

Олар «Кемел адам» концепциясы негізінде Абайдың 7, 10, 15 және трендке айналған 17 – қара сөздерін талдады және осы орайда мектеп миссиясын қайта қарастырды, құндылықтарды дамытуға бағытталған 7 фокус-топты белгілеп, оны іске асырудағы мақсаттарын анықтады.

Міне, енді оқушыларымыз тренерлік сертификаттарын қолға алды. Енді олар Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы NIS қауымдастығын ақпаратпен қамтамасыз етіп, өз миссияларын жүзеге асыруды және олардың қоғам үшін маңыздылығын түсіндіруден бастамақ ойлары бар.

Вам также может понравиться...