8 қола медаль NIS еншісінде

Жалпы білім беретін пәндер бойынша өткен республикалық олимпиаданың қола медаль жеңімпаздары:
Аяулым Мұқан – ағылшын тілі
Еликай Атабаева – орыс тілі
Искандер Сагинбек – неміс тілі
Медет Джумадильдаев – информатика
Арсен Нәрік, Тамирлан Бектемисов – математика
Дамир Аленов, Сырымхан Нуриддин – физика
Айта кету керек, республикалық олимпиада 9-11 сынып оқушылары үшін ең ауқымды шара. Қазақстандағы қатысушылар саны бойынша жетекші орын алатын Олимпиада 16 жалпы білім беретін пәндерді қамтиды. Биылғы оқу жылында Республикалық олимпиаданың мектеп кезеңіне 1 миллионға жуық бала қатысты, оның ішінде 91 179 оқушы аудандық кезеңге өтті, облыстық кезеңде 12 521 оқушы жарысты, ал қорытынды кезеңде Қазақстанның барлық өңірлерінен 1557 қатысушы бақтарын сынаған болатын.

You may also like...