Қалдықтарды сұрыптау бойынша мастер-класс

Eco-club ұйымдастырған қалдықтарды сұрыптау бойынша мастер-класс өтті. Оқу жылының басынан бастап мектеп дәліздерінде қоқысты бөлек жинауға арналған бокстар орнатылды. Бірақ қалдықтарды дұрыс сұрыптау, қайта өңдеуге болатын қоқыстар және пластикалық таңбалаудың түрлері туралы көп адамдар біле бермейді. Сондықтан бұл туралы шеберлік сыныбында 9 сынып оқушысы, Eco Club мүшесі Дильназ Пахирдинова айтып берді.


Eco-club шеберлік сабағына қатысқан оқушылар қоршаған ортадағы тазалық мәдениетін сақтауға және қоқысты сауатты сұрыптауға қатысты пайдалы ақпарат алды.

You may also like...