Алматылық NIS оқушысы Ланыш Жандәулет AYIMUN-де Қазақстанды таныстырды

Ланыш Жандәулет

Алматыдағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы Ланыш Жандәулет Asia Youth International Model United Nations-ке Қазақстан атынан қатысты.

Asia Youth International Model United Nations (AYIMUN) – жыл сайын әлемнің жас көшбасшыларын жинайтын Ассамблея. Ланыш Қазақстаннан қатысқан жалғыз өкіл болды.

Онлайн конференцияда «Жаһандық қауіпсіздіктің ағымдағы проблемаларын шешу стратегиясын іздеу» тақырыбын қорғаған Ланыш Сейшел аралдары елін United Nations World Tourism Organization (UNWTO) ұйымының консулдығында таныстырып, делегаттармен әлемдік туризмнің қалпына келуіне талдау жасады.

Конференцияға 82 елден 800-ден астам делегат және БҰҰ-ның он ұйымы – WHO, UNICEF, UNESCO, INTERPOL, UNWTO, IMF, UNHCR, ILO, SPECPOL, UNHRC қатысты.

You may also like...