Ғарышкерлер күнінде алматылық зияткерлер ракета ұшырды (видео)

12 сәуір – адамзат алғаш ғарыш айлағын бағындырған тарихи күн. Осы мерекені Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы NIS ерекше атап өтті. Мектебіміздегі ракета жасау клубының мүшелері, Райымбек Абилбек бастаған оқушылар 3 зымыран жасап, оны ғарышқа аттандырды.
“Ғарыштық инженерия” клубының жетекшісі Жасұлан Өтепов оқушылардың бұл макетті жасаған кездегі қызығушылықтары, теориялық білім мен практиканы ұштастыра білуіне үлкен баға берді. Зияткерлер барлық материалдарды өз қолымен жасап, аспанға аттандырды. 50 см өлшеміндегі 2 ракета мектеп территориясында ұшырылды.
Жалпы бұл іс-шара бірнеше кезеңнен тұрды. Алдымен оқушылар Microsoft Teams платформасында Юрий Гагариннен бастап, Қазақстандағы Талғат Бигельдинов, Талғат Мұсабаев, Айдын Айымбетов секілді ғарышкерлер туралы ақпаратпен танысты. Кейін алған білімдерін кітапханашылармен бірлесе ұйымдастырған іс-шарада сынады. Сұраққа дұрыс жауап берген зияткерлерге “Oyla” журналы сыйға берілді. Үшінші кезеңде зияткерлер зымыранды аспанға ұшырды.

You may also like...