“Атамекен” тарихи-мәдени орталығында кездесу өтті

«Атамекен» тарихи-мәдени орталығы ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев атындағы мекемелер мен Қарасай ауданының мемлекеттік мекемелердің қызметкерлінің қатысумен «Кемеңгер көшбасшы» атты кездесу ұйымдастырды.

Салтанатты шараға Қарасай ауданының әкімінің орынбасары Дулат Сансызбаев, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қаныбек Айтжанов, Шамалған ауылдық округінің әкімі Ержас Тоқтасынов, Қарасай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Гүлжан Дүйсенова мен «Назарбаев Университеті» Алматы қаласындағы өкілдігінің аға менеджері Жанна Сағындыкова, «Нұрсұлтан Назарбаев» білім беру қоғамдық қорының филиалы «Арыстан» мамандандырылған лицейінің оқу-әдістемелік бірлестігінің жетекшісі Қуаныш Тоғызбаев және Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры Ермек Пайзов қатысты.


Салтанатты шара соңында «Елбасы медалінің» қола деңгейіндегі медалімен марапатталған Әсемай Тауипбаева өзінің «Елбасы Медалін» «Атамекен» орталығына табыстады.

You may also like...