6 сәуірден бастап мектептер қашықтан оқыту жүйесіне көшпек

Биылғы жылдың 6 сәуірінен бастап коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы күрес шараларын күшейту жағдайында барлық мектептер қашықтан оқыту жүйесіне көшпек. Қазіргі уақытта Зияткерлік мектеп әкімшілігі, әдістемелік бірлестік жетекшілері мен мұғалімдер жаңа форматқа көшуге дайындық жұмыстарын бастап кетті. Ата-аналар комитетімен алғашқы онлайн жиналыс өтіп, онда қашықтан оқытуды …

Зияткерлік мектеп оқушысы Плющ лигасына кіретін университетке оқуға түсті

Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-ші сынып оқушысы Ардана Изимова Плющ лигасына кіретін университетке оқуға түсті. Ол University of Pensilvania (Philadelphia, PA, USA), сондай-ақ Fordham University (New York, USA), Underwood International College of Yonsei University (Seoul, South Korea) сынды әлемдік жоғары оқу орындарынан шақырту …

Химия пәнінен онлайн сабақтар басталды

Көптеген оқушылар мен ата-аналар коронавирус пандемиясына байланысты қалыптасқан жағдайға алаңдаушылық танытқанын ескере отырып, Beyondcurriculum мектебі химия пәнінен онлайн сабақ өткізуді қолға алды. Ұйымдастырушы топ оқу жүйесінің негізі ретінде мектеп бағдарламасының төртінші тоқсан тақырыптарын алып отыр. Платформадағы онлайн-оқытушылардың бірі – Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік …

Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!

Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамы баршамызға құтты болсын! Жандану, жаңару алып келсін. Шаңырағымызға бақ-береке, ынтымақ-бірлігімен кірсін. Әлем жұртшылығына туған уақытша сынақта сабырлық танытып, амандық-саулықта қауышайық! Бақыт серігіміз болсын! Құрметпен, Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі.

Мектепте санитайзерлер орнатылды

Қол тазалығы тұмау және коронавирустық инфекциясы таралуының алдын алудағы маңызды шара екенін ескертеміз. Вирустар қолды сабындап жуғанда жойылады. Сондай-ақ, мектебімізде әр бір метр сайын антисептигі бар стационарлық дозаторлар – санитайзерлер орнатылған. Қолды онымен тазалау екі сағатқа дейін тиімді қорғайды.  

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы баспасөз қызметінің ресми мәлімдемесі

2020 жылдың 11 наурызында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирусты пандемия деп жариялады. Қазақстан Республикасы аумағында коронавирус инфекциясын пайда болдырмау және таратпау мақсатында ҚР Үкіметі жанынан құрылған Ведомствоаралық комиссия тарапынан арнайы алдын алу шаралары өткізілуде, 13 наурыздан бастап көпшілікке арналған іс-шаралар өткізуге тыйым салынды. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» …

Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде баскетболдан ІІ Желілік спартакиаданың ақтық кезеңі басталды

Бүгін Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде баскетболдан ІІ Желілік спартакиаданың финалдық кезеңі басталды.  Ақтық мәреде спорттық жарыстың аймақтық кезеңінде топ жарып, І және ІІ орындарды алған он екі зияткерлік мектеп командалары кездесіп отыр. Олар Нұр-Сұлтан, Шымкент, Қарағанды, Павлодар, Ақтөбе, Орал қалаларынан келген ұлдар …

Назарбаев Зияткерлік мектептерінде конкурстық іріктеуге құжаттар қабылдау басталады

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы 2020-2021 оқу жылына оқушылар контингентін қалыптастыру мақсатында Ақтөбе, Алматы,  Көкшетау, Қостанай, Нұр-Сұлтан, Орал, Семей, Талдықорған, Тараз, Шымкент ққ. физика-математикалық бағыттағы және Ақтау, Алматы, Атырау, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Петропавл, Өскемен, Шымкент ққ. химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің және Нұр-Сұлтан …

Назарбаев Зияткерлік мектебіне жасалған ғылыми-ағартушылық экскурсия

2019 жылдың 30 қарашасында Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Алматы қаласының тұрғындары үшін «Ашық есік күні» аясында Зияткерлік мектепте ғылыми-ағартушылық экскурсия ұйымдастырды. Ашық есік күніне келген оқушылар және ата-аналар ғылыми-кеңейтілген зертханаларда Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұстаздары және оқушылары әзірлеген ғылыми лекторийлер мен шеберлік сыныптарына …

Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі жаңартылған білім мазмұнының тәжірибесін жалпы білім беретін мектептерге таратады

Әдістемелік орталығы ретінде білім ордасында 2019 жылдың 15 қарашасында «Орта білім мазмұнын жаңарту жағдайындағы білім беруді трансформациялау ортасын қалыптастыру» атты семинар өткізілді. Аталған семинар арнайы Медеу ауданы Әкімі Макежанов Сұлтанбек Алмасбекұлының тапсырмасымен Медеу аудандық білім бөлімі және ауданға қарасты 28 жалпы білім беретін орта мектептердің …