Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесіне арналған онлайн ғылыми форум өтті

Мектебімізде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесіне арналған  «Назарбаев моделі: Елбасының Ұлы дала тарихын қалыптастыру және дамытудағы тарихи рөлі» онлайн ғылыми форумы өтті. Ғылыми форумның мақсаты – қазақ елінің болашағын қалыптастырған ұлт көшбасшысы Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ұлы істерін өскелең ұрпаққа дәріптеу. Шараға Алматы қаласы Медеу ауданының әкімі Масабаев Әсет Дүйсебекұлы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Хасанаева Лейла Маралқызы, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Академиясының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Уразбаева Ақжамал Машруповна, Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры Сүлейменова Жұлдыз Досбергенқызы және мектеп ұстаздары мен оқушылары қатысты. Форумда Елбасының ерен еңбегі мен тәуелсіз еліміз туралы баяндамалар жасалды.

 

You may also like...