Әдістемелік кеңес

Әдістемелік кеңес педагогикалық қызметкерлердің кәсіби дамуына, мұғалімдердің педагогикалық қызметке шығармашылық көзқарасын қалыптастыруға ықпал ететін әдістемелік жұмысты ұйымдастыру мәселелері бойынша зияткерлік мектептің алқалы органы.

“Назарбаев Зияткерлік мектептері” дербес білім беру ұйымы Басқармасының 2012 жылғы 16 тамыздағы шешімімен бекітілген Назарбаев Зияткерлік мектептерінің әдістемелік кеңесі туралы Үлгілік ереженің (№33 хаттама) негізінде “Назарбаев Зияткерлік мектептері” ДБҰ-ның Алматы қаласындағы “физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі”филиалының әдістемелік кеңесі туралы Ереже әзірленді. Әзірленген ереже мектептің педагогикалық кеңесінің 2019 жылғы 29 тамыздағы шешімімен бекітілді (№1 хаттама).

Әдістемелік кеңестің құрамы, сондай-ақ мектептің әдістемелік кеңесінің 2019-2020 оқу жылына арналған жұмыс жоспары мектептің бірінші педагогикалық кеңесінде қаралып, мектеп директорының бұйрығымен бекітілді.

Әдістемелік кеңеске келесі міндеттерді шешу жүктелген::

1) ғылыми-әдістемелік сүйемелдеу және NIS-Programme білім беру бағдарламасының іске асырылуын қамтамасыз ету;

2) білім беру процесіне инновациялық технологияларды және оқыту мен оқыту әдістерін енгізу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;

3) педагог қызметкерлердің кәсіби дамуын қамтамасыз ету, мұғалімдердің шығармашылық ойлауын, зерттеу дағдыларын дамыту;

4) педагогикалық ұжымның ғылыми-әдістемелік әлеуетін дамыту;

5) Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында Алматы қ.ФМБ НЗМ әдістемелік жұмыс тәжірибесін тарату.

Мектептің әдістемелік кеңесінің бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес, 2019-2020 оқу жылына әдістемелік кеңестің 6 отырысы жоспарланып, төменде көрсетілгендей, белгілі бір бағыттарға назар аударылды:

Отырыс 1 Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың кәсіби даму мақсаттарын бекіту.
Мектепішілік курстардың тақырыптары мен жұмыс кестесін бекіту.
Оқушылардың олимпиадалық дайындығы және зерттеу қызметі.
Отырыс 2 Республикалық ғылыми жобалар конкурсының желілік кезеңіне қатысу.
2019-2020 оқу жылында аттестаттауға жататын адамдардың тізімін бекіту.
Педагог қызметкерлердің сабақтарын бақылау.
Отырыс 3 Дарынды және талантты оқушылармен жұмыс туралы.
Әзірленген әдістемелік құралдарды, мұғалімдердің бағдарламаларын қарастыру.
Кәсіби даму мақсаттарына қол жеткізуге жартыжылдық шолу
Отырыс 4 “Жас мұғалімдер мектебі”жұмысына шолу.
Аттестаттауға жататын педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдардың сабақтарын бақылау туралы.
Оқу процесіне инновацияларды енгізудің негізгі бағыттары туралы.
Отырыс 5 Аттестаттау шеңберінде рефлексивті есеп жазу туралы.
Республикалық олимпиаданың және республикалық ғылыми жобалар конкурсының қорытындылары туралы.
Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудың бірінші кезеңінің қорытындысын шығару.
Отырыс 6 Аттестаттаудың үшінші кезеңіне педагог кадрлар мен оған теңестірілген адамдарды даярлау.
Кәсіби даму мақсатына қол жеткізуге жылдық шолу.
Әдістемелік кеңестің бір жылғы жұмысын қорытындылау.

Әдістемелік кеңес педагогикалық кеңестің, ата-аналар комитетінің және басқа да қоғамдық өзін-өзі басқару органдарының отырыстарына әдістемелік кеңес өкілдерінің қатысуы арқылы басқа басқару органдарымен өзара іс-қимылды ұйымдастырады.