Денис Тенді еске алу мақсатында көрме

2018 жылдың 10 қазан күні Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Денис Тенді еске алу мақсатында көрме ұйымдастырылды. 11 «К» сыныбы оқушысы Исраилова Наиляның фотокөрме өткізу туралы бастамасы мектеп əкімшілігі тарапынан қолдау тауып, жүзеге асырылды. Көрмеге фигуристің əртүрлі спорттық іс-шаралардағы өз фотосуреттерімен қатар Денис Теннің өзі түсірген фотожұмыстары да қойылды. Іс-шараға оқушыларымыз аса белсенділікпен қатысып, еліміздің туын көкке көтерген спортшымызға деген құрмет сезімдерін ыстық ықыласпен шығара білді.

You may also like...