“Елбасы медалі” жобасының жеңімпазы – Асыл Жанұзақ

«Бұл жобаға қатысу үшін көп күш-жігер жұмсадым»

Алматыдағы физика-математика бағытындағы NIS оқушысы Асыл Жанұзақ – «Елбасы медалі» жобасының қола медаль иегері. 6 ай бойы жеті бағыт бойынша тапсырма орындап, білім мен шеберлігін жетілдірген Асылдың еңбегі еленді!

«Елбасы медалі» жас буынды жан-жақты дамытуды көздейтін ұлттық деңгейдегі бірегей бағдарлама. Ол 7 негізгі бағыттан тұрады: спортпен шұғылдану, дарын мен дағды, кітап оқу, ұлттық мұра, волонтерлік, экспедициялар мен жорықтар, еңбек практикасы. Жоба 14 пен 29 жас аралығындағы жастарға арналған.

«Елбасы медалінің жүлдегері атанғанымды білгенде қатты қуандым. Мен бұл бағдарламаға 6 ай уақытымды, көп күш-жігерімді жұмсадым. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жоба Қазақстанның көп универіне грантқа түсуге мүмкіндік береді. Оған қоса, 7 бағыт бойынша көп қасиет-қабылетімді жетілдіре білдім»,- дейді Асыл Жанұзақ.

Бұл күндері Республика бойынша қола деңгейіне қатысушыларды «Елбасы медалімен» марапаттауға арналған салтанатты іс-шаралар өтуде. Алматы облысынан «Елбасы медалі» жобасына 374 оқушы қатысқан. Аталмыш шара жастарға салауатты өмір салтын ұстануға, мақсат қойып, оған жүйелі түрде қол жеткізуге және үнемі өзін-өзі дамытуға үйретеді.

You may also like...