Hong Kong Baptist University гранты иегерімен сұхбат

Мектебіміздің 12 «а» сынып оқушысы Балтабай Ернар Hong Kong Baptist University грантын иеленді. Шын жүректен құттықтай отырып, бұл қуанышты жаңалық туралы Ернармен сұхбаттасқан болатынбыз.

– 🔸Ернар, сені шын жүректен құттықтаймыз! Жалпы Гонконг қаласын және бизнес саласын таңдауға не себеп болды?

– 🔹Рахмет! Гонконгты таңдау себеп – бұл аймақ барша Азияның финанстық орталығы болып табылады. Мансап жағынан өте перспективті жер, ал HKBU сапалы білім алуға және ірі компанияларда тәжірибе жинауға мүмкіндік береді. Ал бизнес саласына келетін болсақ өзіме жақын сала осы деп ойлаймын. Өз жұмысымда адамдармен байланыс, креативті ойлау және әрекет еркіндігі болғанын қалаймын. Шет елден білімімді толықтырып еліміздің болашағына үлесімді қосқым келеді.

– 🔸Мектебімізде сабақтан бөлек қандай істермен шұғылданғанды жақсы көресің?

– 🔹Мен Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде білім алып жатырғаныма шексіз қуанамын. Бұл жерде сапалы білім алуға және қоғамдық өмірге аралуға толықтай мүмкіндік бар. Жалпы 7 сыныптан бастап дебат ойынына қызығамын. Тұрақтылық және шын ұмтылыстың арқасында бұл жерде көп жетістіктерге жете алдым. Дебат маған өмірге шынайы қарауды үйретті десе болады. Пікір-таластан бөлек әртүрлі жобаларда белсенділік танытуға тырысатынмын. Мектепішілік концерттік шараларға қатысқанды жақсы көремін. Соңғы 1-2 жыл аралығында достарыммен бірге әртүрлі қаржылай жобаларды іске асыруға тырыстық, бірақ барлығы сәтті болды деп айта алмаймын.

– 🔸Онлайн сабақ қалай өтуде?

– 🔹Барлығы жақсы. Бірақ шынын айтсам мектеп өмірін қатты сағындым. Мектебімізге тезірек оралар күнді асыға күтудемін.

– 🔸Ұстаздарға алғысың, замандастарыңа айтарың болса.

– 🔹Осы орайда мектептің барша ұстаздарына, директорымыз Жұлдыз Досбергенқызына үлкен алғыс айтқым келеді. Барша мамандардың жұмысының арқасында біздің алдымызда әртүрлі мүмкіндіктер ашылды. Жан-жақты дамуымыздың басты себебі – мұғалімдердің еңбегі болып табылады. Біздің мектептің оқушыларға мықты іргестас бергені үшін шексіз ризамын. Зияткерлерімізге оқуда үздік болып, мектебіміздің атын шығаруды тілеймін!

– 🔸Биік белестерді бағындыруыңа тілектеспіз!

 

.                                                                                                                                            

You may also like...