Конституция күні

Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі сіздерді мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Конституциясы Күнімен құттықтайды!



Ата заң – бұл адамның құқықтары мен бостандығының сақталуының және мемлекетіміздің жарқын болашағының сенімді кепілі! Осы құжаттың арқасында біз тұрақтылық, келісім мен өркендеу жолымен болашаққа нық қадам басып келеміз. Қазақстан халықаралық қоғамдастықта лайықты орын алып, биік белеске көтерілгені де осының айғағы.

Конституцияда жарияланған ұлттық құндылықтарды құрметтеу және қорғау – әр азаматтың парызы. Әр шаңыраққа құт-береке, ырыс пен ынтымақ тілейміз! Ел іргесі аман, келешегіміз кемел болсын!

You may also like...