Ұлыбританиялық National Mathematics and Science College жоғары мектебімен онлайн кездесу

8 желтоқсан күні мектебімізде Ұлыбританиялық National Mathematics and Science College жоғары мектебінің ұжымымен онлайн кездесу ұйымдастырылған болатын. Шараның мақсаты – білім ордалары арасында серіктестік қарым-қатынасты орнатып, халықаралық олимпиадаларға дайындық, студенттер мен оқытушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша тәжірибе алмасу.

Бұл оқу орны Ұлыбританиядағы үздік олимпиадалық және A Level стандартын жоғары деңгейде жүзеге асырушы мектептердің бірі. Биология пәнінің үздік медициналық зерттеулермен байланысы бізді қызықтырды. Химия пәнінен Британияның оқушылар құрама командасын халықаралық олимпиадаларға дайындайды. Аталған білім ордасы заман талабына сай жоғарғы деңгейдегі құрылғылармен жабдықталып, озық оқу үлгілерін қолданады. Ұғынғанымыз мектеп қабырғасында жүріп-ақ жоғарғы оқу орындарының алғашқы курстарында беретін білімді алуға толықтай мүмкіндік бар.

Айта кететін жайт, The National Mathematics and Science College жоғары мектебі Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебімен серіктестік орнатуға өздері бастама көтеріп, ықылас танытып отыр. Алдағы уақытта осы жобаны бастау үшін алдымен меморандумға қол қойып, келіссөздер жүргізіледі. Әлемдік пандемияға байланысты әзірше онлайн кездесулер, шеберлік сабақтары, вебинарлар ұйымдастырылатын болады.
@natmatsci_

 

You may also like...