МЕКТЕБІМІЗ CIS ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АККРЕДИТТЕУІНЕН ӨТТІ

МЕКТЕБІМІЗ CIS ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АККРЕДИТТЕУІНЕН ӨТТІ
Сәрсенбінің сәтті күнінде Халықаралық мектептер кеңесінің штабы орналасқан Нидерландыдан қуанышты хабар келді. Мектеп CIS аккредиттеуінен сәтті өтіп, халықаралық стандарттарға сай екенін дәлелдеді.

CIS командасы ақпан айында соңғы тексеріспен келді. Әлемнің әр түрлі мемлекеттері өкілдерінен құралған сарапшылар мектепте бір апта бойы жұмыс жасап, оқу орнын бағалаудан өткізді. Оқу үрдісін, мұғалімдердің кәсіби біліктілігін, қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесін және жалпы мектеп өмірін саралады.

– Кезең-кезеңімен өткен тексеріс нәтижесінде сарапшылар мектебімізге оң бағасын беріп, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АККРЕДИТТЕУДЕН өтті деген ресми мәлімде жасады. Бұл өз кезегінде әлемдік білім кеңістігіне жол ашады. Шет елдің мықты деген оқу орындарымен тереземіздің тең, көкжиегіміздің кең болуына ықпал етпек, – дейді мектеп директоры Күлфарида Раисова.

Халықаралық мектептер кеңесі (CIS) – бұл мектептерді аккредиттеуге және жетілдірілген оқыту әдістерін дамытуға арналған халықаралық білім беру ұйымы, ол әлемнің 735 мектебін және 116 елден 616 университетті және колледжді қамтиды. 

You may also like...