NIS-ке құжат қабылдау жалғасуда

Құжат қабылдау 2022 жылғы 1 желтоқсаннан 2023 жылғы 10 қаңтарға дейін. Кешенді тестілеу 2023 жылғы 2-3 наурыз күндері өтеді.

Үміткерлер конкурстық іріктеуге қатысу үшін қабылдау комиссиясына келесі құжаттарды тапсырады:

Конкурсқа қатысу үшін өтініш (www.fmalm.nis.edu.kz сайтынан жүктеп аласыз)беру;

Сауалнама (www.fmalm.nis.edu.kz сайтынан жүктеп аласыз)толтыру;

Үміткердің туу туралы куәлігінің көшірмесі (түпнұсқасын құжат тапсыруға әкелу керек) заңды өкілдің ЖСН-і көрсетілген жеке куәлігінің көшірмесі;

Үміткердің соңғы оқу жылындағы үлгерімі мен тәртібі туралы табелінің көшірмесі. Талап етілген құжаттар оқитын мектеп басшысының қолымен расталып, тиісті білім беру ұйымының мөрімен бекітілуі керек (Ескерту: құжаттарды 6-сыныптың 1-ші жартыжылдығы аяқталғанға дейін тапсырсаңыз 5-сыныптың табелі қабылданады, 6-сыныптың 1-ші жарты жылдығы аяқталған соң тапсырсаңыз 6-сыныптың 1-ші жартыжылдық табелі қабылданады).

Үміткерлер қабылдау комиссиясында барлық талаптарға сай тегін суретке түсіріледі. Немесе Үміткердің графикалық файл түріндегі 1 МБ (мегабайт) кем емес көлемі 3х4 см. цифрлі фотосуреті (фотосурет көлемі 450×600 пиксельден кем емес рұқсат ету шамамен 600 пиксель/дюйм (dpi) төмен емес, фон ақшыл болуы шарт)

Көрсетілген барлық құжаттар мұқабасы түссіз 10 файлдық пластикалық папкаға салынады.

Құжаттар келесі жағдайда қабылданбайды:

1) өтінішті конкурстық іріктеуге қатысуға белгіленген мерзімінен кешіктіріп тапсыру;

2) құжаттардың бекітілген тізім бойынша толық болмауы.

3)Қабылдау комиссиясына басқа тұлғаның сенімхатсыз әкелген құжаттары қабылданбайды.

Мектепке келу уақытын брондау үшін:

www.fmalm.nis.edu.kz сайтына өтіңіз;

«Конкурстық іріктеу» бөліміне өтіңіз;

«Брондау сайты» батырмасын басыңыз;

Күнтізбеден мектепке бару күні мен уақытын таңдау;

Байланыс деректерін көрсетіңіз;

Брондауды растау;

Электронды поштаға бронды растау туралы ақпарат келеді.

Мекен-жайымыз: Жамақаева, 145 (Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі)

Тел: 233 10 100;

Жұмыс кестесі:

Дүйсенбі-жұма: 9.00-18.00

Сенбі: 9.00 – 13.00.

Түскі үзіліс: 12:00-13.00

You may also like...