«Қолдайық ауыл мектебін!»

Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің педагогикалық ұжымы мен оқушылары, педагогикалық шеберлік орталығының тренерлері Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 10-жылдығына арналған «Қолдайық ауыл мектебін!» акциясы аясында Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарғалы ауылы, «№3 Қарғалы орта мектебі» КММ барды.
Назарбаев Зияткерлік мектебінің тәжірибесін тарату, ауыл мектебін әдістемелік және материалдық қолдау мақсатында өткен мерекелік іс-шара қызықты да тағлымды болып өтті.
Кеш шымылдығын ашқан ФМБ НЗМ директоры О.В.Пак мектеп мұғалімдеріне таныстыру сөзін айта келіп мектеп атынан 100 дана бөлме гүлдерін, ақпараттық бұрышты, 417 кітап, 15 доп және 3D принтерін сыйға тартты.
Мерекелік шара «Ұлы дала ұландары» концерттік бағдарламасы, одан 
критериалды бағалау жүйесі, яғни оқу мақсаттары, бағалау критерийлері, жиынтық және қалыптастырушы бағалау жүйесі жайлы презентация, тренинг сабақтармен жалғасты.
Өз кезегінде «Әдебиет джемі», «BookBingo», «Book Tasting» мектеп кітапханасында кітапханашылар ойыны ойнатылды. 
«№3 Қарғалы орта мектебі» КММ мектеп директоры мен қызметкерлері ерекше қуаныштары мен разылықтарын айта келіп, алдағы күндерде бірлесіп жұмыс атқаруға ұсыныс білдірді.

You may also like...