ПРОФОРИЕНТАЦИЯ

Дұрыс орнында таңдалған оқу әрбір мамандыққа оқушы үшін сәйкес табысты лайықты жоғары оқу мансаптың, жоғары материалдық және рухани игіліктердің, сонымен қатар саналы, нәтижелі және бақытты болашақтың кепілі. Осы мақсаттарға қол жеткізу үшін мектептегі Кәсіби бағдар беру жұмысы үш негізгі бағытта жұмыс жасайды:

Ең бірінші, оқушы үшін лайықты және перспективалық мамандықты таңдауда оқушыға және ата-анаға көмек беріледі. Бұл бағыттағы жұмыстарға қызығушылықты, қабілеттілікті, адам тұрпатын анықтайтын түрлі тесттер мен сауалнамалар өткізіп, мамандықтармен таныстыру бойынша теориялық және практикалық сабақтар ұйымдастыру, облыстың алдыңғы қатардағы өндіріс орындарына бару болып табылады.

Екіншіден, IELTS (ағылшын тілі дәрежесін анықтайтын тест; дүниениің көптеген ЖОО-на түсу үшін қажет), SAT (оқушының пәндік білімін және сыни тұрғыдан ойлану қабілетін анықтайтын танымал тест; әлемнің көптеген ЖОО-на түсу үшін қажет) халықаралық емтихандарына, Кембридж университетіне түсу емтихандарына дайындық жұмыстары жүргізіледі. Осы емтихандардан жоғары көрсеткішке қол жеткізген оқушылар дүниенің көптеген жоғары оқу орындарына ақылы және грант бөлімдеріне оқуға түсуге мүмкіндік алады.

Үшіншіден, дүниенің және Қазақстанның алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарына құжат тапсыруды ұйымдастыру.

Әр мемлекетке және әр университетке құжат тапсырудың өз уақыты және талаптары бар. Көп жағдайда құжат тапсырумен қатар университеттік жарна төлеуге дайын болу керек.

Шетелде жоғары білім алудың басым бағыттары АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Оңтүстік Корея, Сингапур, Малайзия, Қытай, Үндістан, Түркия және т. б. ел ішінде жетекші жоғары оқу орындары Назарбаев Университеті (НУ), Қазақстан-Британ техникалық университеті (ҚБТУ), КИМЭП университеті, Сүлеймен Демирель атындағы Университет, Әл – Фараби атындағы ҚазҰУ және т. б. болып саналады.

Жыл сайын мемлекеттердің тарапынан және университеттердің тарапынан оқу гранттары бөлінеді. Мұндай бағдарламаларға құжат қабылдау жылдың қыркүйек айынан бастап оқу жылының тамыз айына дейін жалғасады. Бұл оқу орындарының әр қайсысының өзіндік қабылдау критерилері бар. Назарбаев Зияткерлік мектептерінің түлектері дүниенің алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарына түсу мүмкіндіктері өте зор.

Оқу орындарының негізгі талаптары мынадай:

  • Академиялық үлгерім 4,5 тен төмен болмау керек (максимум 5,0);
  • IELTS 6,5 балдан төмен емес;
  • SAT 1860 балдан төмен емес;
  • SAT Subject 600 балдан төмен емес;
  • Әр түрлі академиялық жетістіктердің сертификаттары;
  • Жоғары әлеуметтік белсенділік (әлеуметтік жобалар қатысушысы);
  • 082/у медициналық анықтамасы.

Мектепте барлық аталған іс-шараларды ұйымдастыру үшін психологиялық қызмет, кураторлық қызмет және кәсіптік бағдар беру инспекторы жұмыс істейді. Қызметкерлер кеңес алу үшін ата-аналарды мектепте қарсы алуға әрқашан қуанышты.