Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицей ұжымы қонақта

Мектебімізде Сүйінбай Аронұлы атындағы №143 мектеп-лицей директоры Айтуған Өмірәлі және әкімшілік мүшелері, сонымен қатар ең үздік ұстаздары мен оқушылары мектебімізде қонақта болды. Мектебіміздің басты ұстанымдарының бірі орта мектептерге қолдау көрсету. Тәжиірбе тарату аясында қонақтарымыз мектептің оқу бағдарламасының ерекшеліктерімен танысты. Білім берудегі жаңашылдықтарға және заманауи зертханалардың жұмысына куә болды. Мектебіміздегі зертханалардан бөлек «қысқы бақ» және қабырғалар дизайнын қонақтарымыз жоғары бағалады. Сүйінбай Аронұлы атындағы №143 мектеп-лицей директоры, білікті педагог Айтуған Өмірәлі бастаған ұжымға сәттілік тілейміз!

Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің есігі орта мектептер үшін әрдайым ашық!

Барша оқырмандарға ескерте кететін жағдай, алдағы үшінші тоқсаннан бастап, мектебімізде ашық есік күнін ұйымдастыру жұмыстары қолға алынуда.  Ресми сайтымыз бен әлеуметтік желілерімізді бақылауда ұстаңыздар!

@143_school_almaty

You may also like...