Спорттық шара жеңімпаздарын марапаттау рәсімі

Мектебімізде 7 қараша мен 5 желтоқсан аралығында 7-8 сынып оқушылары арасында еліміздің Тәуелсіздік мерекесіне арналған секіртпеден мектепішілік онлайн жарыс өтті. Жарыстың мақсаты «Тәуелсіздік күні» аясында ұлттық құндылықтарды дәріптеп, дені сау ұрпақтың ұлт болашағы екендігін оқушылар санасына сіңіру.

7 сыныптар арасында жарыс А және В тобында өтті. Жарыстың қорытынды есебі бойынша 3 орынға ие болған Пак Артемий 7 «N», Асқаров Али 7 «С», 2 орын алған Мухамедкарим Бейбарыс 7 «М», Еркинбаева Дария 7 «М», 1 орынға  Пирназарова Жібек 7 «К», Руслан Ерасыл 7 «А» ие болды. 

2020 жылдың 29 қарашасында Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен «Федерация Кубогі Джамп Роуп 2020» дәстүрлі ашық қалалық чемпионаты өтті. Бұл сайысқа мектебіміздің атынан 7 «К» сынып окушысы Пирназарова Жібек қатысып  жылдамдық дистанциясы бойынша жүлделі 1 орынға ие болды. 8 сыныптар арасында ұлдар тобында 3 орын алған Жұма Нұрхан 8 «С», 2 орын Көксал Иманәлі 8 «Д», Жандәулет Алдияр 8 «С» 1 орын иегері атанды. Қыздар тобында 3 орынға ие болған Нурсагатова Нурай 8 «С», 2 орын иегері Цай Анастасия 8 «N», ал 1 орынды жеңіп алған Макбаева Айгерім 8 «В»сынып окушысы.

Әлемдік пандемия кезінде оқушыларымыздың салауатты өмір салтын ұстанып, денсаулықтарына көңіл бөлгені бізді қуантады. Жеңімпаз шәкірттерімізді шын жүректен құттықтап, оқуда озат болуларына тілектеспіз!

You may also like...