Тәжірибемізбен халықаралық деңгейде бөлісеміз

Алматы қаласы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұстаздары Түркияның Стамбұл қаласында өткен «EUROKD Conferences International Conference on Education, Psychology and Behavioral Science» халықаралық конференциясына қатысты.

EUROKD Conferences – ғылыми жобалар мен білім саласындағы түрлі идеяларды талқылаудың алаңы саналады. Шара нәтижесі бойынша қатысушылардың мақалалары «Thomson Reuters» және «Scopus» журналдарында жарияланады.

Сыздықова Гүлмира Қамбарқызы, Аманқұлова Шолпан Мәдиқызы, Бугуева Раушан Нұрдәулетқызы сынды мұғалімдеріміз шетелдік әріптестерімен «Effectiveness of using Lesson Study to develop pupils’ achievements in teaching natural-mathematical disciplines» деп аталатын сабақты зерттеу тәжірибесімен бөліскен. Олардың айтуынша, мұндай конференцияларға қатысу әлемдегі әріптестермен тәжірибе алмасуға, білім берудегі прогрессивті идеялар мен трендтерді ұдайы бақылап, біліп отыруға зор мүмкіндік береді. Сондай-ақ, сапардан оралған мұғалімдер үштігі конференциядан түйген-білгендерімен мектептегі әріптестерімен бөлісуге дайын екендігін жеткізді.

You may also like...