Танымал блогерлер мектебімізде қонақта

2020 жылдың 5 қараша күні Алматы қаласы, физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Қазақстан аумағына белгілі блогерлер, отбасылық жұп – Мейржан Туребаев пен Дана Есеева қонақта болды. Танымал блогерлер тек әзіл саласында ғана емес, бірнеше әлеуметтік жобаларға да атсалысуда. Осы мақсатта мектебіміздің тыныс-тіршілігімен арнайы танысты. Білім ордасы ғиамаратын, зертханалық кабинеттерді, үйірме сыныптарын аралап сапалы білім алуға толықтай мүмкіндік бар екендігіне көз жеткізді.

Отандық блогерлеріміздің жұмыстарына сәттілік тілеп, ұжым атынан зор алғыс білдіреміз.

You may also like...