«Туған елге тағзым»: үшінші күн ⠀

Экпедицияның үшінші күнінде жас зерттеушілер «Шарын» мемлекеттік ұлттық табиғи саябағында болды. Оқушылар аймақтың рельефін зерттеп, сілемдерден аңдардың бейнесін анықтады.

Табиғаты ерекше сұлулығымен ерекшеленетін Шарын шатқалы Алматы қаласынан 200 км қашықтықта орналасқан. Бір қызығы, шатқалдың түсі жыл маусымына сәйкес өзгеріп отырады. Күздің мамыражай күнінде экспедицияға келген зерттеушілер қызғылт реңкте боялған шатқалдың куәсі болды.


Пайдалы саяхат барысында балалар Шарын шатқалы мемлекеттік ұлттық табиғи саябағында туризмді дамыту үшін қажетті мәдени, тарихи, географиялық және климаттық жағдайлар жеткілікті екенін анықтады. Осылайша Алматы облысына туристер тартудың ұтымды жолдарын ұсынды.

You may also like...