Туган елге тағзым

ТУҒАН ЕЛГЕ ТАҒЗЫМ

В рамках проекта «Туған елге тағзым» ученики Назарбаев Интеллектуальных школ городов Алматы и Костанай прибыли в Кызылорду с целью изучения ее истории, культуры и инновационных объектов.

Исследовательская краеведческая экспедиция «Туған елге тағзым» — это собственный патриотический проект Интеллектуальных школ. Ежегодно экспедиционная группа, из числа отличившихся учеников NIS, посещают разные регионы страны и исследуют их флору и фауну, памятные места, историческую значимость, культуру, архитектурные сооружения и многое другое.

    

ЗНАКОМСТВО С ИСТОРИЕЙ КЫЗЫЛОРДЫ

В первый день экспедиции ученики Интеллектуальных школ Алматы и Костанай побывали с ознакомительной экскурсией в областном центре. После экспедиционная группа посетила памятники истории и культуры республиканского значения, где получили ценную информацию о древней крепости Кокандского ханства Акмечеть, после уездном городе Перовск и столице Казахской автономной республики Кызылорде. Во второй половине дня участники экспедиции побывали в научно-исследовательском центре «Археологии и этнографии», открытый на базе Кызылординского государственного университета имени Коркыт Ата. Здесь ребята воочию увидели ценные экспонаты, найденные в ходе археологических раскопок учеными, которые доказывают, что Кызылординская земля является центром четырех столиц — Чирик-Рабат, Жанкент, Сыганак и Акмечеть.

ШКОЛЬНАЯ ЭКСПЕДИЦИЯ ИССЛЕДУЕТ ТАЙНЫ ДРЕВНЕГО СЫГАНАКА

Участники краеведческой исследовательской экспедиции «Туған елге тағзым» побывали на одном из сакральных мест Кызылординской области — в древнем городище Сыганак.

Найденные при раскопках монеты, кувшины, фрагменты посуды и другие артефакты, подтверждают то, что город славился развитой торговлей, земледелием и рукоделием.В рамках экспедиции юные исследователи получили возможность посетить руины древнего городища, изучить остатки древних сооружений, раскрывающие тайны исторического Сыганака. Кроме того, участники экспедиции побывали в историко-краеведческом музее Шиелийского района, ознакомились с жизнедеятельностью главного рисовода Ыбрай Жахаева и окунулись в мир искусства известного композитора Нартая Бекежанова .

Легендарные средневековый город занимает особое место в истории казахского народа. В разное время служивший столицей Кипчакского ханства, Ак Орды и Казахского ханства Сыганак был одним из крупнейших торговых центров, расположенный на пути Великого шелкового пути, где в день продавались около 500 голов домашнего скота. В XV веке в результате сложившейся борьбы между отцом Жанибек-хана Барак-ханом и внуком Амир Темира, власть перешла Барак хану. Почти два векаыганак был центром Казахского ханства, непрерывные войны и нашествия джунгар привели его к полному разр
  

ЭКСПЕДИЦИЯ ОКУНУЛАСЬ В ЭПОХУ БРОНЗЫ

В рамках проекта «Туған елге тағзым» ученики Ителлектуальных школ Алматы и Костанай исследовали петроглифы в ущелье «Сауыскандык», расположенном в Шиелийском районе Кызылординской области.

Наскальные рисунки бронзового века растянулись в горном массиве Каратау и описывают антропоморфные изображения, повозки и сюжеты охоты. Юные исследователи, получившие возможность посетить исторический памятник, смогли изучить петроглифы, подтверждающие то, что древние люди жили под открытым небом вблизи источников воды в горно-степных местностях.

«В горах мы увидели картины, которые описывают жизнь и традиции жителей прошлых тысячелетей. Как рассказывают наскальные символы племени того века были полностью зависимы от природы. Я думаю, что каждый из нас получил ценную информацию и пополнили багаж знаний по истории”, — поделился участник экспедиции Дамир Есимбеков.

В ходе экспедиции, преодолевали горные хребты, ребята спешили получать как можно больше информации для своих научных проектов

 

Наскальные рисунки бронзового века растянулись в горном массиве Каратау и описывают антропоморфные изображения, повозки и сюжеты охоты. Юные исследователи, получившие возможность посетить исторический памятник, смогли изучить петроглифы, подтверждающие то, что древние люди жили под открытым небом вблизи источников воды в горно-степных ме

Школьники также посетили научно-исследовательский центр «Археология и этнография» на базе Кызылординского государственного университета имени Коркыта ата. Здесь ребятам представили ценные экспонаты, найденные учеными в ходе археологических раскопок, которые доказывают, что в низовьях Сырдарьи находились четыре столицы – Чирик-Рабат, Жанкент, Сыганак и Кызылорда.

Напомним, проект «Туған елге тағзым»  разработан автономной организацией образования «Назарбаев Интеллектуальные школы» и призван формировать у учащихся интерес к родной стране и усилить чувство патриотизма. Особенностью образовательных поездок является обмен маршрутами между Назарбаев Интеллектуальными школами для ознакомления и проведения исследований в регионах Казахстана. В рамках проекта экспедиционные группы посещают практически все области страны, исследуют их флору и фауну, памятные места, историческую значимость, культуру, инновационные объекты, архитектурные сооружения и многое другое.

«Туған елге тағзым» – уникальный проект, помогающий изучать историю и культуру наших предков», – поделилась ученица Назарбаев Интеллектуальной школы физико-математического направления города Алматы Малика Гизат.

 

 

По материалам пресс-службы НИШ ХБН г. Кызылорда

 

Вам также может понравиться...

Туган елге тағзым

ТУҒАН ЕЛГЕ ТАҒЗЫМ

«Туған елге тағзым» – біздің ата-бабамыздан қалған асыл мұраны, қазақ халқының мәдениетін танып білуде үлесі зор бірегей жоба», – дейді Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Малика Гизат.

«Туған елге тағзым» экспедициясы биыл да өз жалғасын тапты.  Оқу жылының қорытындысы бойынша «Медеу» шаңырағы үздік атанып, жолдамаға ие болды. 12 оқушы Қызылорда өңіріне барып, тарихи аймақтың тыныс-тірлігімен танысып қайтты.

Айта кетейік, «Туған елге тағзым» жобасы  «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының бастамасымен туған өлкені танып білуге, оқушылардың бойында туған елдің ерекшелігі мен оның қыр-сырын білуге, оқушы бойында патриоттық сезімді арттыруға бағытталған. 2012 жылдан бері дәстүрлі түрде өтіп келеді.

Сыр өңіріне алматылық оқушылармен қатар қостанайлық зияткерлер де барды. Барлығы 30 бала. Бір апта бойы олар Ақмешіт-Перовсктің сырымен, Сығанақ қалашығының тари деректерімен, Қаратау бөктеріндегі қола дәуіріне жататын петроглифтерімен және сұлу шаһардың ескерткіштерімен жан-жақты танысты.

Экспедицияға барған оқушылар мен топқа жетекшілік еткен мектебіміздің педагог-ұйымдастырушы-кураторы Құлпырған Байбатчаева және Қызылорда ХББ НЗМ баспасөз орталығы таратқан ақпараттар негізінде фоторепортаж әзірледік.

    

БІРІНШІ КҮН

 «Туған елге тағзым» өлкетанулық зерттеу экспедициясының алғашқы күнінде оқушылар тамыры терең, тарихы кенен Қызылорда қаласымен танысты. Алдымен облыстық тарихи-өлкетану музейінде болып, Сыр бойының өткені мен бүгіні жайлы баяндайтын экспозициялар мен көрмелерді тамашалады. Содан соң шаһардағы республикалық маңызы бар тарихи және мәдени ескерткіштерді аралап, Қоқан хандығы негізін қалаған Ақмешіт, кейін Перовск бекінісі болған Қызылорда қаласы туралы құнды деректерді білді.

Күннің екінші жартысында экспедиция қатысушылары Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің базасында ашылған археология және этнография орталығында болды. Шірік-Рабат, Жанкент Сығанақ және Ақмешіт сияқты төрт астананың орталығы болған аймақ тарихы туралы ғалымдардың жүргізген археологиялық зерттеулерінен мәліметтер алды. 

 

 

ЕКІНШІ КҮН

Сыр елінің тұнып жатқан тариxына бойлап, қаланың көз тоймас көркіне, керемет қонақжайлылығына тағы да куә болдық. Қызылорда қаласының мақтанышына айналған «ImaqORDA» оқушылар сарайынан бастау алған бүгінгі өлкетанулық экспедиция қала көркін кіргізіп тұрған, іргетасы сонау 19 ғасырда қаланған көркем сурет шеберлері музейінде жалғасын тапты. Сонымен қатар, Ә. Тәжібаев атындағы кітап қоры мол кітапxанамен танысып, ақын Толқын Қабылшамен кездесу ұйымдастырылды. 
Оқушыларға таза ауада кешкі серуен ұйымдастырылып, күн өте танымды өтті. 
Бала бойына руxани тәрбие, ұлттық руx сыйлайтын жобаның алда берері әлі де мол.

  

Шиелі өңірінің тариxы мен табиғатын танудан басталды. Шиелі өңірі – ежелгі Сырдария өзенінің орта ағысынан орын тепкен киелі мекен, талай тарихи оқиғаның куәсі болған байырғы өлке. Шығысында – алты Алашқа белгілі Сығанақ, Бестам шаһары, теріскейінде Оңтүстік өңірге етене қарт Қаратау жатыр. Одан әрі Арқадан бастау алып Шиелі жеріне келіп тірелетін Сарысу өзені мен Таңбалы тас тұр. Талай тарихи оқиғаның куәсі болған атақты Телікөл де осы өңірде. Батысы – облыс орталығының шекарасына иек артқан, түстігінде байырғы сары жел өлке Қызылқұм тұр.
Сонымен қатар, қазақ xалқына иісі таныс, күріш өсіруші, егін шаруашылығының даңқты ері «Ыбырай Жақаевтың атындағы күріш өсіру тариxы» музейінде болып, күріш өсіру шаруашылығының қыр-сырымен танысып қайттық. 
Мұндай тариxты бала бойына ұғындыра білу үлкен абырой деп білеміз.

ҮШІНШІ КҮН

Қазақ халқының тарихында ерекше орын алатын Сығанақ қалашағы XI ғасырда Қыпшақ хандығының, XIII ғасырда Ақ Орданың астанасы болған. Осы кезеңде Сығанақ қалашығында күніне 500-дей мал түрлері қолдан қолға сатылып, үлкен сауда орталықтарының біріне айналды. XV ғасырда Жәнібек ханның әкесі Барақ хан мен Әмір Темірдің немересі Ұлықбек арасында болған соқтығыстан кейін Сығанақ қалашығы Барақ ханның қолына өтеді. Екі ғасырға жуық уақыт Қазақ хандығының елордасы болған көне қала XVII ғасырда Жоңғар шапқыншылығынан құлады.

Археологтардың үргізілген қазба жұмыстары нәтижесінде табылған тиындар, құмыралар және тағы басқа құнды бұйымдар Сығанақтың Ұлы жібек жолы бойындағы саудасы мен қолөнер кәсібі дамыған қала болғанын дәлелдейді.

Қанша кезең өтсе де Сығанақ қаласы туралы тарихи деректер маңызын жойған емес. Қазақ тарихында ерекше орын алатын киелі жерлерде болу мүмкіндігін алған жас зияткерлер Сығанақта орналасқан көне ғимараттарды көзбен көріп, тарихи қалашығының сырымен танысты.

Сондай-ақ, Шиелі аудандық тарихи өлкетану музейі мен Ыбрай Жақаев атындағы күріш өсіру тарихы музейі және Нартай Бекежановтың мемориалдық өнер музейінде болып, өңірдің тыныс-тіршілігіне көз жүгіртті.

ТӨРТІНШІ КҮН

Шиелі ауданында орналасқан Оқшы ата мазарынан басталды. Оқшы ата – Сыр бойы халқы әулие санайтын адам. Оғыз xалқынан шыққан қару-жарақ жасайтын батыр болған екен. Ол туралы xалық ауызында көптеген аңыздар таралып, бүгінгі күнде өзі жерленген мазаратын көріп,тариxымен таныстық. Сонымен қатар, Желмаясына мініп Жерұйық іздеген Асан қайғы кесенесі, 8-9 ғасырда іргесі қаланған мазараттар тариxымен таныс болдық. 
Ары қарай, Қаратау тауының етегінде орналасқан қола дәуірінің үңгір картиналары бар «Сауысқандық» тау жыныстарында зерттедік. 

Тау жоталарының жартастарындағы қола дәуірінен қалған суреттерде антропоморфтык бейнелер, арбалар, аңшылық сюжеттері мен солярлық таңбалар кездеседі. Республикалық маңызы бар тарихи ескерткішті көзбен көру мүмкіндік алған жас зерттеушілер ежелгі адамдардың таулы-далалы аймақтарда ашық аспан астында су көздеріне жақын жерде мекендегендігіне тағы да көз жеткізді.

Петроглифтер негізінен Үлкен Сауысқандық, Бала Сауысқандық, Бала Сауысқандық секілді 9 аймақта орналасқан. Экспедиция жұмысы барысында оқушылар биік тауларды бағындырып, қажетті ақпарат алу үшін мамандарды сұрақтармен жауадырды десек артық айтқандық емес.

 

 

 

 

 

 

БЕСІНШІ КҮН

  Қорқыт Ата мемориалдық кешенінде болып, оғыз-қыпшақ тайпаларының ортасынан шыққан данышпан, ойшыл, жырау, қобызшының өмір сүру, шығармашылық тариxымен танысып қайттық. Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Жосалы кентінің солтүстік-батысындағы 18 шақырым жерде орналасқан Қорқыт ата мемориалды кешені бүгінде түркі тілдес елдердің тағзым ететін қасиетті мекеніне айналған. 
Аты түркі әлеміне әйгілі Қорқыт ата кесенесінде болып қайтқан оқушылар ерекше әсерлерімен бөлісуде. 
Күн соңына қарай «100 ән» жобасы аясында қазақша караоке ұйымдастырылып, кино әлеміне саяxат жасап қайттық. 
Күн өте қызықты және бала бойына тариxтың бір ізін қалдырарлықтай өтті.

 

 

 

 

 

 

АЛТЫНШЫ КҮН

 Жоба аясында еліміз бойынша ең ірі күріш өндіруші «Абзал и К» зауытында болдық. Зауыт жылына 55 мың тоннадай күріштің екі түрлі сортын өндіреді. Сапасы жағынан өте жоғары күріш алыс-жақын шет елдеріні экспортталады. «Алтын сапа» белгісіне ие болған зауыт 1994 жылдан бастап жұмыс жасайды.
Одан ары ауыл шаруашылығы ғылымының докторы, «Маржан»күріш сортының негізгі авторы Бәкірұлы Құрманбекпен кездесу ұйымдастырылып, ауыл шаруашылығының қыр-сырымен, күріш өсіру, өндіру туралы білімдерін толықтырды. Экспедиция барысында Кеңес одағының батыры 
Н. Ілиясов атына берілген ауылда қонақта болдық. Ауылда мұражай, мәдениет үйі, спорт алаңы жұмыс жасайды.
Күн соңында Қызылорда қаласында орналасқан қалалық арxив жұмысымен танысып қайттық.

«Туған елге тағзым» бала бойында елге деген маxаббатты күшейтіп, тариx пен қазіргі қоғам сабақтастығын ұғындыра алатын үлкен жоба. Жобаның бала тәрбиесінде, оның «тұлға» ретінде қалыптасуына берер үлесі сан алуан. Тариxты біліп, тамырына бойлай білген ұрпақтан алда күтер үміт көп,- дейді педагог-ұйымдастырушы-куратор Құлпырған Байбатчаева.

 

 Қызылорда қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі баспасөз орталығының материалдары негізінде дайындалды

Вам также может понравиться...