Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-ші сынып оқушысы Ардана Изимова Плющ лигасына кіретін университетке оқуға түсті. Ол University of Pensilvania (Philadelphia, PA, USA), сондай-ақ Fordham University (New York, USA), Underwood International College of Yonsei University (Seoul, South Korea) сынды әлемдік жоғары оқу орындарынан шақырту алып отыр.
⠀
Ардана астрофизика саласында жобалық жұмыспен айналысқан, Алматының екі IT компаниясында арнайы тағылымдамадан өткен. Сондай-ақ, түлек мектептегі MUN клубының негізін қалаушылардың бірі, биылғы БҰҰ Моделі конференциясының бастамашысы, оқушылардың өзіндік басқармасының мүшесі, мектептегі көптеген іс-шараларды ұйымдастырушы. Бұдан бөлек, Ардана корей тілін екі жыл бойы (6 академиялық деңгейдің 5-шісі) оқып, Волонтерлар лигасында, Recycle Birge және Twenty-thirty коммерциялық емес халықаралық ұйымында волонтерлікпен айналысқан.
Зияткерлік мектеп оқушысы Плющ лигасына кіретін университетке оқуға түсті
