Мектебіміздің жаңа директоры – Пайзов Ермек Серікұлы

Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне жаңа директор тағайындалды. 

Жаңа жетекшіні командаға «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның басқарма төрағасы Шамшидинова Күләш Ноғатайқызы таныстырды. Енді бұл қызметті Пайзов Ермек Серікұлы атқарады. 2014 жылдан бастап Ақтау қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры қызметін атқарған. 

2006 жылы Қазақ гуманитариялық-заңдық университетін «құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдап, еңбек жолын  2006 жылы «Сайран» қоғамдық бірлестігінде сапа менеджменті жүйесі бөлімінің басшысы қызметінен бастады. 2006-2009 жылдар аралығында «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ заң қызметінің бас менеджері болып жұмыс атқарды.  Ал 2009-2013 жылы «Назарбаев Зияткерлік мектептері»дербес білім беру ұйымының адам ресурстарын дамыту департаментінде аға менеджер және аталған мекеменің заң департаментінде аға менеджер болды. 

Жалпы жұмыс өтілі – 14 жыл. Ермек Серікұлы 2009 жылдан бастап «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-да жұмыс істейді. 2012 жылы «Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері», «Назарбаев қоры» жобаларының заңын жасақтауға атсалысты. «Дербес ұйым Қазақстан заңнамасының новелласы іспеттес» мақаласының авторы.

Ермек Серікұлына оңтүстік шаһарға қош келдіңіз дей отырып, алдағы қызметіңізге тек қана сәттілік тілейміз! 

You may also like...