Оқушыларымыздың кезекті авторлық құқығы

Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12 «В» сынып оқушылары Манабаев Жәнібек пен Сиранов Жәңгір 2 авторлық құқық құжаттарына иеленді. 

Зияткер оқушыларымыз «Технотория» зертханасының меңгерушісі Бекзат Әміртайұлының жетекшілігімен «Safe&Sound» және «Exotic Matter» жобалары үшін авторлық құқық куәліктеріне ие болды.


«Қазіргі кезде жастар көшеде өз қауіпсіздігін ұмытып, құлаққапты жиі қолданады. Тәжірибе көрсеткендей, құлаққаптары бар жаяу жүргіншілер  қоғамнан оқшауланып, үйлесімділікті жоғалтады, жай ғана келе жатқан көліктің дауысын естімейтіндігін айтпағанда. Жақындаған көлікті естімей, уақытында жауап бермеген жаяу жүргінші өзіне ғана емес, жүргізушіге де қауіп төндіреді. Бұл мәселені шешу үшін апаттардың алдын алатын құлаққаптағы дыбыс деңгейін төмендететін «Safe&Sound» қосымшасы құрылды. «Exotic Matter» жобасына келер болсақ. Пандемия кезінде миллиондаған адамдар үйде отыруға мәжбүр болды, бұл олардың өнімділігі мен әлеуметтенуін едәуір төмендетіп жіберді. Жоба арқасында қосымшаны пайдаланатын барлық адамдар өздерінің күнделікті әрекеттерін өзгертуге, жаңа іс-шаралар, фильмдер, мәдениеттер туралы білуге ​​және тіпті жаттығулар жасауға мүмкіндігі бар қауымдастық ұсыныстарына қол жеткізе алады. Күннің соңында ең жақсы жазбалар барлық қолданушылар зерттей алатын және қолдана алатын белсенділікке қатысты кеңейтілген тізімге жинақталады. Сонымен қатар, қолданушылар түсініктемелер арқылы өзара әрекеттесе алады.»,-дейді жоба авторлары.  


Оқушыларымызға және олардың жетекшісі Бекзат Әміртайұлына  сәттілік тілейміз, еліміздің даңқын асқақтатар жобаларыңыз көп болсын!

Тәжірибе тарату аясында онлайн-семинар өтті

Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде іс-тәжірибені тарату мақсатында онлайн семинары өтті. Семинар тақырыбы: «Қашықтықтан оқыту үрдісіндегі тәрбие жұмысының ұйымдастырылу формасы». Семинарға Алматы қаласының жалпы білім беретін орта мектептерінің 120-дан аса оқытушылары мен қызметкерлері қатысты.

Мектебіміздің басты ұстанымдарының бірі орта мектептерге қолдау көрсету. Тәжірибе тарату аясында семинар қатысушылары Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқу бағдарламасының ерекшеліктерімен танысты. Онлайн семинарда мектебіміздің педагог-ұйымдастырушы-кураторлары сөз сөйлеп, өз тәжірибелерімен бөлісті. Семинар соңында шараға қатысушылар өз сұрақтарын қойып, тәжірибе тарату жұмысынан алған әсерлерімен бөлісті. Барлық қатысушыларға үлкен алғыс білдіріп, сәттілік тілейміз!

 

 

Мектебіміздің жаңа директоры – Пайзов Ермек Серікұлы

Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне жаңа директор тағайындалды. 

Жаңа жетекшіні командаға «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның басқарма төрағасы Шамшидинова Күләш Ноғатайқызы таныстырды. Енді бұл қызметті Пайзов Ермек Серікұлы атқарады. 2014 жылдан бастап Ақтау қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры қызметін атқарған. 

2006 жылы Қазақ гуманитариялық-заңдық университетін «құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдап, еңбек жолын  2006 жылы «Сайран» қоғамдық бірлестігінде сапа менеджменті жүйесі бөлімінің басшысы қызметінен бастады. 2006-2009 жылдар аралығында «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ заң қызметінің бас менеджері болып жұмыс атқарды.  Ал 2009-2013 жылы «Назарбаев Зияткерлік мектептері»дербес білім беру ұйымының адам ресурстарын дамыту департаментінде аға менеджер және аталған мекеменің заң департаментінде аға менеджер болды. 

Жалпы жұмыс өтілі – 14 жыл. Ермек Серікұлы 2009 жылдан бастап «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-да жұмыс істейді. 2012 жылы «Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері», «Назарбаев қоры» жобаларының заңын жасақтауға атсалысты. «Дербес ұйым Қазақстан заңнамасының новелласы іспеттес» мақаласының авторы.

Ермек Серікұлына оңтүстік шаһарға қош келдіңіз дей отырып, алдағы қызметіңізге тек қана сәттілік тілейміз! 

Оқушыларымыз патент иегерлері атанды

Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары мен олардың менторы «Ауаның ластануын бақылау құралы» пайдалы моделіне патент алды.

Патентке 10 сынып оқушылары Халметов Эльнур, Бисенғали Жантөре және Құсайын Нәби ие болды. Менторлық жұмысты робототехника және технотория зертханасының меңгерушісі Бекзат Инкаров атқарған.
Пайдалы модель атмосфералық ауаның жай-күйі туралы ақпаратты жинауға және көрсетуге арналған. Ауадағы әртүрлі заттардың пайыздық мөлшерін анықтап, сондай-ақ бұл ақпаратты серверге жіберіп, кейінірек жинақталған ақпаратты видеографикада / кестеде көрсете алады. 

Зияткер ұстазымыз туындысы үшін авторлық құқыққа ие болды

Физика пәнінің сарапшы мұғалімі Сыдыкова Батес Кабидолдановнаға «Физика пәнінен оқу мақсаттарына сәйкес тапсырмалар құрастырудың ерекшеліктері» әдістемелік ұсынымын әзірлегені үшін авторлық құқық берілді.

Әдістемелік ұсынымда «Физика» пәні бойынша бағалау тапсырмаларын құрастыруға бағытталған теориялық материалдар, қалыптастырушы бағалау тапсырмаларының үлгілері және жоғары деңгей дағдыларына арналған зертханалық жұмыс тапсырмалары  оқушылар және мұғалімдер үшін қамтылған. Әдістемелік ұсыным орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында оқу мақсаттарына сәйкес бағалау критерийлерін құрастыруда, ойлау дағдыларының деңгейлерін бөлуде мұғалімдерге көмекші құрал ретінде әзірленген.

Әдістемелік ұсыным жалпы білім беретін мектептердің физика пәні мұғалімдеріне, білім саласындағы қызметкерлерге арналған.

Ұстаздарымызға тек сәттілік тілейміз!

Ұстаздарымыз Жәутіков олимпиадасының жеңімпаздары

Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің информатика пәнінің мұғалімдері XVII Халықаралық Жәутіков аясында өткен IMPACT олимпиадасының жеңімпаздары атанды. Ұстазымыз Сұлтан Рамазан алтын медаль, ал Қыдырәлі Қуаныш күміс медаль иеленді.

Мұғалімдерімізді жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз және табыстар тілейміз!

Шәкірттеріміз Жәутіков олимпиадасынан жүлдемен оралды

Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 8 оқушысы XVII Халықаралық Жәутіков олимпиадасынан жүлделі оралды.

2021 жылдың 7-12 қаңтары аралығында қашықтықтан өткен XVII Халықаралық Жәутіков олимпиадасында мектебіміздің 8 бірдей оқушысы жүлделі орын иеленді. Оқушыларымыз сайыс қорытындысы бойынша 4 алтын, 3 күміс, 1 қола медальді қанжығаларына байлады.

1. Олжабаев Асылбек – «Математика» пәнінен алтын медаль;

2. Әбдіразақ Нұрасыл – «Математика» пәнінен алтын медаль;

3. Сатубалдин Таир – «Математика» пәнінен алтын медаль;

4. Бектемисов Тамирлан  – «Математика» пәнінен алтын медаль;

5. Сейтенов А. – «Математика» пәнінен күміс медаль;

6. Пітебай Е. – «Физика» пәнінен күміс медаль;

7. Сахмолдин М. – «Информатика» пәнінен күміс медаль;

8. Садыбеков Е. – «Информатика» пәнінен қола медаль.

Шәкірттерімізді жеңістерімен шын  жүректен құттықтаймыз!

[vc_row][vc_column width=”1/2″][vc_single_image image=”9791″ img_size=”large”][/vc_column][vc_column width=”1/2″][vc_column_text]Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры, PhD докторы, тәрбие жұмысының методологы, Ы. Алтынсарин төсбелгісінің иегері Сүлейменова Жұлдыз Досбергенқызын Nur Otan партиясынан Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты атануымен мектебіміздің ұжымы атынан, атап айтқанда, ұстаздары, оқушылары және ата-аналары атынан шын жүректен құттықтаймыз! Мектебіміздің дамуына қосқан үлесіңізді жоғары бағалаймыз, алдағы болашақ еңбегіне зор табыстар тілейміз! Тек биіктен көрініңіз![/vc_column_text][/vc_column][/vc_row]

Халықаралық Жәутіков олимпиадасының қатысушылары

Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10 оқушысы 2021 жылғы Халықаралық Жәутіков олимпиадасына қатысуда.

Биылғы жылы Халықаралық Жәутіков олимпиадасына Назарбаев Зияткерлік мектептерінен екі команда қатысуда: Назарбаев Зияткерлік мектептері ДББҰ командасы және Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің командасы. Жәутіков олимпиадасы 2021 жылдың 7 мен 12 қаңтары аралығында онлайн режимінде өтуде. Математикадан және информатикадан командалар 2020 жылғы желілік олимпиаданың жеңімпаздары арасында ұйымдастырылған іріктеу нәтижесінде құрылды. Физика пәнінен оқушылар 2020 жылғы Республикалық рейтингтік олимпиаданың нәтижелері бойынша іріктелді. Біздің мектептің командасына Олжабаев Асылбек, Сатубалдин Таир, Бектемисов Тамирлан, Питебай Ерсұлтан, Нуриддин Сырымхан, Сахмолдин Мухаммадариф, Садыбеков Ернар едді. Сондай-ақ, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ құрамына мектебіміздің 3 оқушысы кірді: Сейтенов Алдинаш, Абдиразак Нурасыл, Джумадилдаев Медет. Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз!