NIS оқушылары Швейцарияға барады

Алматыдағы физика-математика бағытындағы NIS оқушылары «First Global Challenge» байқауының әлемдік кезеңіне жолдама ұтып алды

Алматыдағы физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектепте жаңа оқу жылы елеулі жетістіктермен басталды. Бес оқушы «First Global Challenge – 2022» байқауының абсолютті жеңімпаздары атанып, әлемдік финалға жолдама алды.

Ұлттық чемпионаттың біліктілік матчтарына бес команда қатысып, «Shabdaly» құрамасы абсолютті жеңімпаз болып танылды. Ерасыл Әбілқасым, Жантөре Бисенғали, Дарья Исмагилова, Марғұлан Тұрғанбек, Эльнур Халметов Қазақстанның намысын әлемдік кезеңде қорғайтын болады.

2022 жылдың қазан айында Швейцарияда STEM білім беру саласындағы ең мықты оқушылар кездеседі. Firstglobal.kz сайтында көрсетілгендей, First Global миссиясы – жаратылыстану ғылымдары, технологиялар, инженерия және математика саласын біріктірген STEM жүйесі арқылы білім алушылардың мүмкіндіктерін кеңейте отырып, жастарды көшбасшылық пен инновацияға шабыттандыру болып табылады.

Вам также может понравиться...