Қылқалам шеберлерінің республикалық байқауы өтті

«Әсем келбетіндегі даналық» республикалық сурет байқауы биыл да өз жалғасын тапты. Бұл жолғы тақырып «Менің елім – Қазақстан» деп аталды. Еліміздің мәдениеті мен дәстүрі, әсем табиғатының көріністері, қала мен ауыл тірлігінің пейзаждары, тарихи тұлғалар, мемлекет және қоғам қайраткерлері, спорт, өнер т.б салаларда жетістікке жеткен танымал тұлғалардың портреттік жұмыстары көпшілік назарына ұсынылды. 

Байқауға 6-18 жас аралығындағы оқушылар мен шығармашылық пәндер мұғалімдерінің жұмыстары «Графика, «Кескіндеме», «Сәндік-қолдаңбалы өнер» бағыттары бойынша қабылданды. Тақырып бойынша мазмұн мен түстер үйлесім тапқанда ғана ғажап дүние шығады. Осыны ескерген қатысушылар қылқаламмен түскен әр бояуды, әр детальды сөйлетуге тырысқан,-дейді қазылар алқасының мүшелері.

«Өнер және өзін-өзі тану» кафедрасының бастамасымен ұйымдастырылған шараның жыл өткен сайын ауқымы кеңейіп келеді.

– 2018 жылы қалалық деңгейде, биыл республикалық ауқымда өткізіп жатырмыз. Бір ай бойы еліміздің түкпір-түкпірінен жіберілген жұмыстар өте көп болды. 500-ге жуық. Талантты ұл-қыздардың тақырып аясында салған суреттері сан алуан. Осындай шаралар арқылы жас ұрпақтың бойына рухани адамгершілік пен мәдени құндылықтарды сіңіруге, ел мен жерге деген махаббатты арттыруға үлес қосамыз. Сондықтан елдің мәдениетін, рухани байлығын мәңгілік ету жолында көркемөнердің маңызы зор екенін айтқым келеді,-дейді кафедра меңгерушісі Медет Ақшалов.

Байқау қортындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды.

 

You may also like...

Республиканский конкурс “Мудрость в обличии красоты”

Завершился республиканский конкурс юных художников “Мудрость в обличии красоты”. В этом году конкурсанты представили работы на тему «Менің елім – Қазақстан». На суд жюри были продемонстрированы пейзажи, портреты именитых земляков, спортсменов, общественных и государственных деятелей, а также картины, рассказывающие о традициях и культуре народа. Кроме юных мастеров изобразительного искусства от 6-ти до 18 лет, в конкурсе участие принимали и учителя творческой направленности. Победителей выявляли в трёх номинациях: “Живопись”, “Графика”, “Прикладное искусство”.

Главное правильно сочетать цветовые оттенки красок, не отходя от заданной темы, только тогда можно сотворить уникальную картину, говорят представители компетентного жюри. По их мнению, участники постарались, почти каждая работа насыщена “говорящими” деталями. Из года в год конкурс, инициированный кафедрой “Искусство и самопознание”, расширяет границы.

– В 2018 году организовали на городском уровне, в этом году конкурс проводим в масштабе республики. Целый месяц поступали работы из разных регионов республики. Около 500 арт-работ. Одарённые дети отправили уникальные картины, мастерски выполненные в рамках темы и отражающие идеалы добра и любви. С помощью таких мероприятий, мы вносим свою лепту в воспитание подрастающего поколения в духе патриотизма, прививаем детям высокие нравственные ценности, любовь к родному краю. Поэтому, хочу отметить, художественное искусство имеет большое значение в сохранении культурного наследия и духовного богатства страны, – отметил завкафедрой Медет Акшалов.

You may also like...