Пікірсайысшы ұстаздар ой жарыстырды

15 қыркүйек 2024 12:14

Атыраудағы NIS-те кезекті тәжірибе алмасу шарасы өткізілді. Анығында, “OzgerTeam” қоғамдық қорымен бірлескен жоба аясында облыстық дебат жетекшілеріне арналған оқу-практикалық семинар ұйымдастырылды.

Атыраудағы NIS-тің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері, атап айтқанда Б.Р.Джумагалиева, А.З.Алипова, М.Б. Шамшеновалар облыс және қала педагогтарына WSDF, яғни дүниежүзілік мектеп пікірсайыс форматы контекстінде пікірсайыс ұйымдастырудың жаңа әдістері бойынша тың ақпарат таратып, аталған форматтың оқушы үшін артықшылықтарына тоқталды. Шараға Атырау облысының ауыл, аймақтарынан 83 педагог қатысып, жоғары белсенділік танытты. Семинардың практикалық бөлімінде дебат жетекшілері арасында тартысты мини-турнир ұйымдастырылып, жүлделі орын алған топтарға дипломдар, ал семинарға қатысқан барлық қатысушыларға өңірлік жаттықтырушы сертификаты табысталды.

“OzgerTeam” қоғамдық қорының миссиясына сәйкес, біз қоғамдағы оң өзгерістерге ұмтылатын адамдарды, идеяларды және жобаларды біріктіреміз.