- /
- Новости /
Бүгін мектепте «Әкелер кеңесі» жобасы аясындағы 3-ші кездесу өтті.
21 қараша 2024 15:51
Бүгін мектепте «Әкелер кеңесі» жобасы аясындағы 3-ші кездесу өтті. Кездесудің тақырыбы – «Мамандық таңдау».
Бұл жоба арқылы оқушылар өз әкелерін жаңа қырынан танып, олар спикер ретінде аудитория алдында сөз сөйлеп, мектеп өміріне белсене қатысып, тәрбиелік процеске үлестерін қосатынын байқады.
Бүгін оқушылар ересек өмірдегі қиындықтар мен кедергілер туралы көбірек біле отырып, мамандық таңдаудағы негізгі базалық қажеттіліктерді айқындады.
«Әкелер кеңесі» жобасында көтерілетін барлық тақырыптар өзекті, заманауи және ең бастысы – өмірлік маңызы бар.
Барлық белсенді әкелерге, осы жобаға қатысушыларға алғыс білдіреміз және келесі кездесулердің уақытын бақылап жүруге шақырамыз.