banner

Жаңалықтар

OYLA Олимпиадасы: әдеттегіден тыс

27 қараша 2024 12:35

Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Ақжол Болат жалпы білім беретін мектептердің 5-6 сынып оқушылары арасында «OYLA» қалалық олимпиадасын ұйымдастырды. Бұл бірегей шара бес пәннен: математика, жаратылыстану, қазақ тілі, орыс тілі және ағылшын тілі бойынша өткізілді. «Үздік» үшін бақ сынаған 130-дан астам оқушы қатысты.

«Олимпиаданы өткізу идеясы маған және менің пікірлестеріме келді», - дейді Ақжол. «Біз тапсырмаларды өзіміз жасадық және балалар өз білімдері мен дағдыларын көрсете алатын алаң құрғымыз келді. Олимпиада әрқашан қиын, сондықтан біз оқушыларға бәсекелестік рухын сезінуге мүмкіндік бергіміз келді. Олардың көпшілігі Назарбаев Зияткерлік мектептеріне түсуді жоспарлап отыр және бұл іс-шара оларды конкурстық іріктеуге дайындалуға шабыттандыруы керек.

OYLA олимпиадасының қорытындысы бойынша әр пән бойынша жеңімпаздар, жүлделі орындарға ие болған командалар анықталды.

І орынды №9 орта мектеп, екінші орынды М.Ломоносов атындағы №5 мектеп, үшінші орынды Абай атындағы №1 орта мектеп-гимназиясы иеленді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Олимпиадаға демеушілік жасап, Жусан банкінің көрсеткен қомақты қолдауын айтпай кету мүмкін емес. Оның арқасында оқушылар өз білімдерін көрсетіп қана қоймай, бір-бірімен араласып, көптеген жаңа нәрселерді үйренетін мерекелік және көңілді атмосфера құрылды.