- /
- Новости /
🌱ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ: АУЫЛДЫҚ МЕКТЕПТЕРДІ ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН NIS ШЕБЕРЛІК СЫНЫПТАРЫ
29 қараша 2024 17:32
🌱Бүгін Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде “Ауылдық тірек мектептерінің әлеуетін арттыру” жобасы аясында екінші күн шеберлік сыныптары өтті. Математика және информатика пәндері бойынша НЗМ ұстаздары өздерінің заманауи педагогикалық тәсілдерімен, оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерімен және практикалық тәжірибелерімен бөлісті.
🌱Ауылдық тірек мектептерінің мұғалімдері STEM құрылғысымен жұмыс істеуді және 3D принтермен модельдеуді үйренді. Қатысушы мұғалімдер жаңа білім мен идеялар алып, оларды өз мектептерінде қолдану үшін қажетті дағдыларға ие болды. Шараның басты мақсаты – ауылдық мектептердің сапасын арттыруға бағытталған үздік тәжірибелерді тарату.