ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫНЫҢ БЕЛЕСІН БАҒЫНДЫРДЫ

21 қараша 2024 15:38

Біріккен Араб Әмірліктерінде өткен халықаралық «International Scratch Olympiad-2024» жобалар байқауында 12-сынып оқушылары Айгерим Зейнуллина бас жүлдеге ие болса (Overall Scratch Winner, trophy🏆), Данэля Хасанова «Үздік білім беру мазмұны» категориясында жеңімпаз атанды (Best Educational Content Award, medal🥇). Байқауда АҚШ, БАӘ, Малайзия, Үндістан, Индонезия, Тайланд, Австралия және т.б. елдерінің оқушылары онлайн форматта бақ сынады.

Айта кетейік, International Scratch Olympiad – бұл жыл сайын бағдарламалау және шығармашылыққа қызығатын дарынды оқушылардың жобалары сынға түсетін сайыс. Биыл 13 027 үміткер қатысты, олардың ішінен 5 түрлі жас категориясы бойынша бас жүлде иегері және 5 бағыт жеңімпазы марапатқа ие болды. Қатысушылар Scratch платформасында интерактивті ойындар, білім беру бағдарламалары, анимациялар мен хикаялар түрінде өз идеяларын жүзеге асыра отырып, түпнұсқалық жобалар жасайды.

Байқауға қос зияткеріміз оқу үдерісін қызықты өткізуге арналған ойын түрлерін ұсынды. Жобаларының идеялары жоғары бағаланып, ерекше мазмұнымен жеңіске жетті. Бәрекелді!

Жетекші: информатика пәнінің мұғалімі Айсұлу Сүлейменова