Тәжірибе тарату жұмыстары жалғасуда

Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Алматы қалалық Білім басқармасына қарасты 61 орта мектеппен серіктестік байланыстамыз. 2019 жылы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің жаңартылған білім беру мазмұны тәжірибесін тарату аясында Алматы қаласындағы 61 орта мектеп мұғалімдеріне «Білім берудің жаңартылған мазмұны», «Критерийлерді бағалау», «Тәрбие жұмысы», «Мектептегі психологиялық қызмет бағыттары», «Қашықтықтан оқыту жағдайында оқу процесін ұйымдастыру» тақырыптарына бағытталған оқыту жұмыстары өткен болатын. Былтырғы жылы Медеу ауданындағы 28 орта мектепке тәжірибе тарату жұмыстары жүргізілді.

Сол тәжірибе оң нәтиже берген соң, Алматы қаласының Білім басқармасымен бірлесе отырып, барлық аудандағы білім бөлімі басшыларын шақырып, тәжірибе тарату жұмысын одан әрі жалғастыратынымызды талқыладық. Химия, биология, информатика пәндерінің оқыту ерекшеліктері, сонымен қатар PISA халықаралық тестін 2021 жылы өткізу ерекшеліктері туралы семинар өткіздік. Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің есігі орта мектептер үшін әрдайым ашық!

@zhuldyzsuleymenova
@edu.almaty

 

You may also like...