Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне жаңа басшы тағайындалды

Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне жаңа басшы тағайындалды

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның Басқарма төрайымы Шамшидинова Күләш Ноғатайқызы мектеп ұжымына жаңа басшыны таныстырды. Бұл лауазымды енді Сүлейменова Жұлдыз Досбергенқызы атқаратын болды. Бұған дейін ол «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының Назарбаев Зияткерлік мектептерін дамыту жөніндегі департамент директоры қызметін атқарған.

Сүлейменова Жұлдыз Досбергенқызы 2004 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарих факультетін, 2008 жылы осы университеттің Философия және саясаттану факультетінің магистратурасын, 2011 жылы  аталған факультеттің PhD докторантурасын бітірген. 

Жалпы еңбек өтілі – 15  жыл. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында 2012 жылдан бері еңбек етіп келеді.

Күләш Ноғатайқызы жаңа басшының жоғары жетістіктерін атап өтті. Алып мегаполис Алматыдағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің жұмысын бұдан әрі дамытып, жаңа қарқын, жаңа леп беретініне сенім білдірді.

Ал, осы уақытқа дейін Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры қызметін атқарып келген Раисова Күлфарида Бабақұмарқызы енді «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ департамент басшысы болып тағайындалды. Басқарма Төрайымы Күләш Ноғатайқызы Күлфарида Бабақұмарқызына алғысын білдіріп жұмыста жаңа табыстар тіледі.

You may also like...