Миссия

Әлемді жақсартуға үлес қосатын адамгершілігі мол, зияткер тұлғаны дамыту мен қайраткер азаматты тәрбиелеуге ықпал ету.

Пайым

Біз халықаралық білім беру стандартының талаптарына жауап беретін мектеп болғандықтан,  оқушылар 21 ғасыр адамына  қажетті дағдылар мен іскерліктерді игеріп, бойында төмендегідей қасиеттерді  дамытады:

  • өмір бойы білім алуға  дайын  болатын  табысты тұлға;

  • әлемнің тұрақты дамуына қомақты үлес қосатын жауапты және белсенді азамат;

  • өз Отанының патриоты;

  • академиялық білімі бар сыни ойлайтын және шығармашыл тұлға,

  • заманауи өмірдің өзгермелі талаптарына бейімделуге қабілетті моральдық және физикалық тұрғыдан дені сау тұлға.

Құндылықтар

  • Өзіне және қоршаған ортасына құрмет

  • Ынтымақтастық

  • Азаматшылық ұстаным

  • Адалдық

  • Өмір бойы білім алу

  • Ашықтық

Сандар мен фактілер

1219

Оқушылар саны

142

Мұғалімдер саны

98%

Мемлекеттік және шет елдік университет гранттарының иегерлерінің жалпы саны

7.1

IELTS

1297

SAT емтиханының орта баллы

about

Мектеп туралы

Алматы қаласындағы химия және биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі 2015 жылдың 11 тамызында ашылды. Қазақстан бойынша ашылған 19-шы мектеп болып саналады. "Назарбаев Зияткерлік мектептерінің" негізгі міндеттері оқушылардың ағылшын, қазақ және орыс тілдерін меңгеруі, сондай-ақ тұжырымдамалық ойлау мен сыни талдау дағдыларын дамыту болып табылады.

Мектептің миссиясы-жоғары сапалы білім беру және үш тілді орта құру, сонымен қатар оқушылардың көшбасшылық қасиеттерін дамыту. Мектепке қабылдану үшін оқушылар  негізгі пәндер бойынша қабілеттерін бағалайтын конкурстық іріктеуден өтеді. Екі сатылы қабылдау тесті    математика, жаратылыстану, қазақ, орыс және ағылшын тілдері  және кеңістіктік ойлау дағдыларын тексеруді қамтиды.  Іріктеу құралдарын қазақстандық мамандар CITO (Нидерланды) және CTY (Джонс Хопкинс Университеті, АҚШ) бірлесіп жасайды. Үздік нәтиже көрсеткен үміткерлер «Өркен» мемлекеттік гранты иегері атанады. Мектепте ішкі қалыптастырушы және қорытынды бағалауды, сондай-ақ тәуелсіз сыртқы бағалауды қамтитын критериалды бағалау жүргізіледі. Сыртқы қорытынды бағалау Халықаралық Кембридж емтихан кеңесімен (Ұлыбритания) бірлесіп жүргізіледі.

Толығырақ
news

KAZROBOPROJECT-2024 республикалық робототехника саласындағы байқауда Алматы қаласындағы химия-биология бағытындағы НЗМ оқушылары жеңіс тұғырынан көрінді

Толығырақ
announcement

Құрметті үміткерлер мен ата-аналар!

Толығырақ

Ресурстар

NIS

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының ресми сайты

CEP NIS

Білім беру бағдарламалары орталығының корпоративтік порталы

Жүйелік-әдістемелік кешен

Жүйелік-әдістемелік кешен еліміздің жалпы білім беретін мектептерінің мұғалімдеріне «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ педагогикалық тәжірибесін тарату және әдістемелік қолдау көрсету мақсатында әзірленді

CEP Forum

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің мұғалімдерін әдістемелік қолдауға арналған ақпараттық портал

CEP Termin

Терминологиялық база пәндік бағыттар бойынша қолданылатын үш тілдегі кілттік терминдерден тұрады

KZWorld

«Қазіргі әлемдегі Қазақстан» пәні бойынша материалдарды қамтитын сайт

NIS Lab

«Химия», «Физика» және «Биология» пәндері бойынша Назарбаев Зияткерлік мектептері оқушыларына арналған «NIS Lab» виртуалды зертханасы

NIS Online

«Химия», «Физика», «Биология», «Информатика», «Қазақстан тарихы» және «География» пәндері бойынша Назарбаев Зияткерлік мектептері оқушыларына арналған «NIS Online» білім беру платформасы

NIS Textbooks

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі ұсынған «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендерінің электрондық нұсқалары

Beyim Ustaz

Педагогикалық шеберлік орталығының білім беру платформасы еліміздегі педагогтерді оқытуға қажетті жағдайлар жасау мақсатында әзірленді. Платформа педагогтерді кәсіби дамытуды қамтамасыз ете отырып, өзекті курстарға, семинарлар мен іс-шараларға қатысуды ұсынады.