KAZROBOPROJECT-2024 республикалық робототехника саласындағы байқауда Алматы қаласындағы химия-биология бағытындағы НЗМ оқушылары жеңіс тұғырынан көрінді

02 желтоқсан 2024 16:28

KAZROBOPROJECT-2024 республикалық робототехника саласындағы байқауда Алматы қаласындағы химия-биология бағытындағы НЗМ оқушылары жоғары деңгейде дайындықтары мен шығармашылық көзқарастарын көрсетіп, айтулы нәтижелерге қол жеткізді.

11 «H» сыныбының оқушылары Онгаров Рамазан мен Бекнур Оразбай «Концепт» санатында бірінші орынды жеңіп алды. Олардың жобасы өз жаңашылдығымен және болашақтағы әлеуетімен қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды.

Сондай-ақ, 10 «L» сыныбының оқушылары Цой Диана мен Алимова Дания «GIRLS in STEM» номинациясы бойынша «Harvesthawk» жобасы үшін марапатталды. Бұл жетістік қыздарды ғылым, технология, инженерия және математика салаларында қолдаудың маңызды қадамы болып табылады. Команданың жетекшісі – тәжірибелі информатика пәнінің мұғалімі Варварин К.В.

9 «В» сыныбының оқушылары Советхан Аружан мен Бейсенбай Асем «FireWatch» жобасының прототипін жасап, «Best product design» номинациясының иегері атанды. Зияткерлер ойлау мен дизайнерлік көзқарастың жоғары деңгейін көрсете білді. Олардың жетекшісі – «TechLab» техноториясының инженері Калабай Айбек.

Бұл жетістіктер НЗМ оқушыларының жоғары білім беру деңгейін және жастар арасында инновациялық, шығармашылық ойлау қабілетін дамытуға бағытталған жұмыстың нәтижесі болып табылады.