Өнерлі зияткер туындылары көрмеге қойылды

Алматылық ФМБ NIS оқушысы Фатима Нөкен «Аюсай» визит-орталығында өткен «Іле-Алатауының баурайындағы Наурыз» балалар суреттерінің шығармашылық байқауына қатысып, «Шығармашылық өнімділік» номинациясын жеңіп алды. 11 сынып оқушысының қиялынан туған тың дүниелер көпшіліктің көңілінен шыққаны анық.

11 сынып оқушысы Фатима Нөкен мен директордың сыртқы байланыстар жөніндегі орынбасары Алия Хасенеева

Сондай-ақ Абылай Туматов, Аружан Маратқызы, Аружан Ибраева, Сайфудин Мүсілімұлы және Жәния Ерментаева секілді мектебіміздің дарынды зияткерлері аталмыш көрмеге қатысып, өнерімен таң қалдырды.

“Аюсай” визит-орталығының арнайы сертификаты мен естелік сыйлықтары

Директордың сыртқы байланыстар жөніндегі орынбасары Алия Хасенеева “Аюсай” визит-орталығының арнайы сертификаты мен естелік сыйлықтарын қатысушыларға табыстады.

Вам также может понравиться...