Алматы ФМБ НЗМ бітірушілері DSD II тілдік дипломының иегерлері атанды

Оқушылар ГФР бас консулы Марио Инго Зоостың қолынан көптен күткен сертификаттарын алды. Сондай-ақ сертификаттарды табыстау рәсіміне ҚР-дағы zfa неміс тілі бойынша координатор Марио Шенфельд мырза, DAAD координаторы, Бартоломеус Минковски мырза, мектеп әкімшілігі және неміс тілінің оқытушылары қатысты.

DSD-бұл неміс тілін білуді растау үшін мектеп оқушылары тапсыратын халықаралық тілдік емтихан. Неміс тілін меңгеру деңгейін растаған оқушылар үшін Германияның барлық колледждерінің есігін айқара ашық.

Сондай-ақ, DSD иегерлерінің Германияның барлық университеттерінде бакалавриатта оқудың толық курсына DAAD (Герман академиялық алмасу қызметі) стипендиясын алу мүмкіндігі бар. Стипендиялық қолдау көрсетілетін мерзім үш жылдан төрт жылға дейінгі мерзімді құрайды.

Алматы қаласының физика – математика бағытындағы Зияткерлік мектебі НЗМ жүйесіндегі бірінші мектеп – DSD дипломының иегері болып табылады. Биылғы жылғы емтиханда жүз пайыздық үлгеріммен сертификат алған оқушылар:

Вяткенников Савелий, 12к

Бекдәулетова Адия, 12D

Аманжол Әлихан, 12к

Атабаева Елікай, 12В

Асылхан Тамерлан, 12а

Миронов Ярослав, 12К

DSD II неміс тілдік дипломы-бұл оқушылар 6 жыл бойы тыңғылықты оқу барысында қол жеткізген маңызды нәтиже. Бірақ бұл соңы емес, неміс тілін үйренудегі жаңа кезеңнің басы ғана. Құттықтаймыз! Жаңа жеңістер тілейміз!!!

Вам также может понравиться...