Алматыдағы NIS оқушысы Ерсұлтан Пітебай халықаралық IOAA олимпиадасының алтын медалін иеленді

Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Ерсұлтан Пітебай IOAA (International Olympiad on Astronomy and Astrophysics) астрофизика және астрономия бойынша халықаралық олимпиаданың алтын медаль иегері атанды.

Беделді турнирде Қазақстан намысын Алматыдағы физика-математика бағытындағы NIS оқушылары Ерсұлтан Пітебай мен Ахмаджон Табаров қорғады.

IOAA мектеп оқушыларының астрономия мен астрофизикаға қызығушылығын арттыру мақсатында 2007 жылдан бері өткізіліп келеді. Олимпиада Грузияда ұйымдастырылып, 46 елден 250-ге жуық жоғары сынып оқушылары бақ сынасты.

Вам также может понравиться...