АТА-АНАЛАРҒА

«Қазақстандықтар елдің өркендеуі әр азаматтың еңбегіне, оның біліміне, жауапкершілігіне байланысты болып табылатын біртұтас және бөлінбейтін отбасы. Тек осы біздің құндылықтарымызды нығайта және көбейте отырып қана біз әр қазақстандық отбасы үшін қауіпсіз және бақытты болашақ құра аламыз».

Н.Ә.Назарбаев

Отбасы тәрбиесін қоғамдық тәрбиенiң қандай саласы болса да алмастыра алмайды. Отбасының негiзi баланы өмiрге келтiру ғана емес, оған мәдени-әлеуметтiк ортаның құндылығын қабылдату, ұрпақтың, ата-бабалардың, ұлылардың ақыл-кеңес тәжiрибесiн бойына сiңiру, өз қоғамына еңбек етер азамат етiп тәрбиелеу. Олар күнделікті отбасылық өмірде, отбасының дәстүрлері мен адамгершілік ұстанымдары, шежіресі мен тарихы, отбасы мүшелерінің ортақ қызығуы және мақсат-мүдделері арқылы іске асады. Сондықтан, бұл мүмкіндіктерді мектептің мүмкіндіктерімен үйлестіру – табысты тәрбиенің негізі болып табылады.

Бүгінде біздің мектеп ұжымы саналы тәрбие мен сапалы білім беру мақсатында аянбай еңбек етуде. Атқарылған жұмыс нәтижелі болуы үшін мектеп пен оқушы арасындағы алтын көпір – ата-ананың орны орасан зор. Осыған сәйкес, мектептегі ата-аналардың орны мен жауапкершілігі, пән мұғалімдерімен, педагог-ұйымдастырушы кураторлармен байланысы және ата-аналардың мектеп өміріне деген қызығушылықтары біз үшін маңызды. Осы орайда, мектептің ішкі тәртіп ережесінен бастап оқу үрдісі, тәрбие саясаты, әлеуметтік жобалар мен іс-тәжірибелер туралы анықтамалар жинағы сіздердің назарларыңызға ұсынылады