Зертхана 2015 жылдан бері жұмыс жасайды. Осы уақыт ішінде зияткерлік мектеп оқушылары 50-ден астам халықаралық жарыстарға қатысып, беделді робототехника чемпионаттарда 20-дан астам жүлделі марапаттарға ие болды. Қазіргі таңда «NIS Engineering» зертханасының оқушылары жетекші қазақстандық және әлемдік университеттерде білім алады. 7 жыл ішінде робототехника әлемінде біздің зертханаға сәйкес келетін көптеген білім беру тұжырымдамалары мен технологиялары пайда болды. Осыған сәйкес зертхана оқушыларға өздерінің құрылымдық бөліктерін жобалау үшін CNC Лазерлік және фрезерлік станоктарды, 3D принтерлерді және басқа да заманауи құрылғыларды пайдалануға мүмкіндік береді. «NIS Engineering» мақсаты – технотория және теория мен практиканы біріктіре отырып, жүйелі түрде үйрету болып табылады.