Жобалардың мақсаты – Қазақстан Республикасының әртүрлі білім беру ұйымдарының 5 және 6-сыныптардың оқушыларына олардың жаратылыстану-математика ғылымдарын оқуға қабілетін дамыту және Зияткерлік мектептерге Тұңғыш Президенттің «Өркен» грантына түсуге дайындау үшін жағдайлар жасауы.

«Виртуалдық мектептің» тапсырмаларын ойдағыдай орындаған оқушылар бейіндік пәндер бойынша күндіз оқуға және конкурстық іріктеу пәндері бойынша күндізгі консультацияларға арналған өңірлік Зияткерлік мектепке шақырылады.

«Каникулярлық мектеп» қатысу үшін мына мекен-жайға хабарласыңыз:

Алматы қ., Таулы қырат ықшам ауданы, Жамақаева, 145, тел: 8 (727) 331-01-04