2022-2023 ОҚУ ЖЫЛЫНДА НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕПТЕРІНІҢ

7-СЫНЫПТАРЫНА ОҚУШЫЛАРДЫ КОНКУРСТЫҚ ІРІКТЕУДІҢ БАЙҚАУ ТЕСТІЛЕУІ

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7-сыныптарына оқушыларды конкурстық іріктеудің байқау тестілеуін (бұдан әрі – байқау тестілеуі) өткізетінін хабарлайды.

Назарбаев Зияткерлік мектептерінде және Астана қ. Халықаралық мектепте өткізілетін байқау тестілеуі компьютерлік форматта жүргізіледі. Әр мектеп бойынша шектеулі орын саны бөлінеді. Байқау тестілеуі 7-сыныптарға конкурстық іріктеудің барлық тест бөлімін қамтиды.

Бір байқау тестілеуіне қатысу бағасы 12 000 теңгені құрайды.

БАЙҚАУ ТЕСТІЛЕУІНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

Тест бөліміТапсырма саныБерілетін уақытМаксималды балл
1Математика40 тапсырма60 минут400
2Сандық сипаттамалар10 тапсырма*5 минут50
3Жаратылыстану20 тапсырма30 минут200
 ҮЗІЛІС10 минут
4Қазақ тілі (бірінші тіл)20 тапсырма120 минут200
5Орыс тілі (екінші тіл)20 тапсырма200
6Ағылшын тілі20 тапсырма200
Барлығы130 тапсырма3 сағат 45 минут (үзіліс уақытын қоса алғанда) 1250

* Шынайы конкурстық іріктеуде «Сандық сипаттамалар» бөлімі 60 тапсырмадан тұрады. Аталған тест бөлімінің форматымен танысу мақсатында байқау тестілеуі аясында 10 тапсырма беріледі.

БАЙҚАУ ТЕСТІЛЕУІН ӨТКІЗУ МЕРЗІМІ

2022-2023 оқу жылында барлық Назарбаев Зияткерлік мектептерінде және Астана қ. Халықаралық мектепте 1-ауысымда (таңертең) бес байқау тестілеуін өткізу жоспарланған.

Бұл ретте Астана (ФМБ, ХБ), Алматы (ФМБ, ХББ) және Ақтөбе (ФМБ) қалаларындағы 5 Зияткерлік мектептің 1-ауысымына бөлінген орын саны 100% толған жағдайда, байқау тестілеуі 2-ауысымда да (түстен кейін) өткізілетін болады.

Байқау тестілеуі өткізілетін күнБайқау тестілеуіне рұқсат қағазын алу күніНәтижелерді қарау күніБайқау тестілеуінің басталу және аяқталу уақыты (тестілеу Астана қ. уақыты бойынша өткізіледі)
1-ауысым*2-ауысым*
110 желтоқсан 2022 ж.9 желтоқсанға дейін15 желтоқсан09:00 – 12:4515:00 – 18:45
224 желтоқсан 2022 ж.23 желтоқсанға дейін30 желтоқсан
314 қаңтар 2023 ж.13 қаңтарға дейін20 қаңтар
428 қаңтар 2023 ж.27 қаңтарға дейін3 ақпан
511 ақпан 2023 ж.10 ақпанға дейін17 ақпан

*Мектепке келу уақыты байқау тестілеуінің рұқсат қағазында көрсетіледі.

БАЙҚАУ ТЕСТІЛЕУІНЕ ТІРКЕЛУ

Байқау тестілеуіне қатысуға тіркелу және орын брондау (trialtest.nis.edu.kz – порталға сілтеме) онлайн тіркелу порталында жүзеге асырылады. Әрбір байқау тестілеуіне қатысу үшін алдын ала орын брондау қажет:

1-қадам. Байқау тестілеуіне қатысушының заңды өкілі (ата-ана/қамқоршы/асырап алушы/тәрбиеші, т.б.) онлайн тіркелу порталында (trialtest.nis.edu.kz) тіркеледі.

2-қадам. Заңды өкіл өзінің жеке кабинетінде оқушының жеке мәліметтерін енгізеді.

3-қадам. Орын брондайды:

  • байқау тестілеуі өтетін күнді және орынды (мектепті) таңдайды;
  • байқау тестілеуіне қатысу шарттарымен (оферта) танысып, келіседі.

4-қадам. Байқау тестілеуіне қатысу төлемақысын төлейді (онлайн/Қазақстан Республикасының банк бөлімшелері арқылы).

5-қадам. Заңды өкіл өзінің жеке кабинетінен байқау тестілеуіне қатысу рұқсат қағазын жүктеп алады.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАЛАЛАРЫ БОЙЫНША БАЙҚАУ ТЕСТІЛЕУІНЕ ОРЫН БРОНДАУ МЕРЗІМІ

Байқау тестілеуін тапсыру үшін онлайн тіркелу порталында орын брондау төменде көрсетілген мерзімдерге сәйкес Астана қ. уақытымен сағат 10:00-де басталады. Желіге түсетін жүктемені азайту мақсатында орын брондау мерзімдері өңірлер бойынша кезең-кезеңмен ашылады:

Тестілеуге қатысу үшін орын брондау10 желтоқсан24 желтоқсан14 қаңтар28 қаңтар11 ақпан
Астана, Көкшетау, Қарағанды ққ. НЗМ01 – 07.12.202212 – 21.12.202226.12.2022 – 11.01.202316 – 25.01.202330.01 – 08.02.2023
Алматы, Талдықорған ққ. НЗМ02 – 07.12.202213 – 21.12.202227.12.2022 – 11.01.202317 – 25.01.202331.01 – 08.02.2023
қалған Зияткерлік мектептер03 – 07.12.202214 – 21.12.202228.12.2022 – 11.01.202318 – 25.01.202301 – 08.02.2023

БАЙҚАУ ТЕСТІЛЕУІНЕ ҚАТЫСТЫ СҰРАҚТАР БОЙЫНША

ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕПТЕРДІҢ БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНДАРЫ, МЕКЕНЖАЙЫ

Онлайн тіркелу порталында (trialtest.nis.edu.kz) тіркеуден өту және басқа да техникалық сұрақтар бойынша мектептердің қолдау қызметіне көрсетілген телефон нөмірлері арқылы  хабарласуыңызға болады.


Байқау тестілеуі өткізілетін мектептер (құжат тапсырған мектепке қарамастан, байқау тестілеуін кез келген мектепте тапсыруға болады)Мектептің мекенжайы1 тестілеуге бөлінген орын саныМектептің байланыс телефоны
1Астана қ. ФМБ НЗМХусейн бен Талал көшесі, 212008 (7172) 575789
2Астана қ. НЗМХусейн бен Талал көшесі, 191508 (7172) 558033
3Астана қ. Халықаралық мектепТүркістан көшесі, 32/11008 (7172) 916177
4Қарағанды қ. ХББ НЗМШахтеров даңғылы, 621758 (7212) 507855
5Көкшетау қ. ФМБ НЗМЖ. Тлеулин көшесі, 591508 (7162) 254052 8 (7162) 253140
6Алматы қ. ФМБ НЗМГорный Гигант ы/а, Жамақаева көшесі, 145, Нұрлыбаев көшесінің қиылысы2008 (7273) 310100
7Алматы қ. ХББ НЗМҚалқаман-2 ы/а, Елібаев көшесі, 22008 (7273) 383300
8Талдықорған қ. ФМБ НЗМҚаратал ы/а, 471508 (7282) 400069
9Ақтау қ. ХББ НЗМ33 ы.а., 161508 (7292) 701061
10Ақтөбе қ. ФМБ НЗМАстана ауданы, Мәңгілік ел көшесі, 81758 (7132) 411737
11Атырау қ. ХББ НЗМНұрсая ы/а, 11-көше, 221508 (7122) 558551
12Қостанай қ. ФМБ НЗМНұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 2391208 (7142) 390677
13Қызылорда қ. ХББ НЗМСұлтан Бейбарыс көшесі, 61508 (7242) 402375
14Павлодар қ. ХББ НЗМТкачев көшесі, 16/21508 (7182) 663410, 8 (7182) 663420
15Петропавл қ. ХББ НЗМИбраев көшесі, 22 А1508 (7152) 559722
16Семей қ. ФМБ НЗМҚарағайлы ы/а, 11508 (7222) 636350
17Тараз қ. ФМБ НЗМАрай массиві, Домалақ ана, 266150               8 (7262) 999856 8 (775) 6437119
18Түркістан қ. ХББ НЗМАтатүрік көшесі, 1952008 (702) 0663377
19Орал қ. ФМБ НЗММәскеу көшесі, 161708 (7112) 246512
20Өскемен қ. ХББ НЗМҚ. Сатпаев даңғылы, 531908 (7232) 712715
21Шымкент қ. ФМБ НЗМАқжайық ы/а, Элитный қалашығы, 6-ғимарат2008 (7252) 294488
22Шымкент қ. ХББ НЗМНұрсәт ы/а, 1А2008 (7252) 775534

Байқау тестілеуіне қатысу төлемақысы және тест мазмұнына байланысты сұрақтар бойынша «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ «Педагогикалық өлшеулер орталығы» филиалының байланыс телефондарына хабарласыңыз: 8 (7172) 23 57 78, 23 52 53, iшкі нөмірлер – 1313, 1319, 1315.

Байқау тестілеуінің шарттары, өткізілу тәртібі, тіркелу, төлем жасау және қатысушылардың байқау тестілеуі кезіндегі тәртіп ережесіне қатысты толық ақпарат Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7-сыныптарына түсу үшін байқау тестілеуін ұйымдастыру және өткізу туралы ережеде көрсетілген.