Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептерінің 6-сынып оқушыларының назарына!


Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7-сыныптарында білім алу үшін конкурстық іріктеуден өтуге 6-сынып оқушыларын дайындау мақсатында «Виртуалды мектеп» жобасы жұмыс істейді.

Виртуалды мектеп – бұл оқушыларға Зияткерлік мектептердің бейіндік пәндері бойынша онлайн режимінде білім алуға мүмкіндік беретін қашықтан білім беру технологияларын қолдану арқылы қосымша білім беруді ұйымдастыру нысаны.

Виртуалды мектептің сайты vs.nis.edu.kz vs.nis.edu.kz.

6-сынып оқушыларына арналған Виртуалды мектептің жұмыс кестесі 

  • 6-сынып оқушыларының тіркелуі – 2022 жылғы 10 қазаннан 21 желтоқсанға дейін
  • Бейіндік пәндер бойынша оқыту – 2022 жылғы 24 қазаннан 21 желтоқсанға дейін
  • Қорытынды тестілеуден өту – 2022 жылғы 14-21 желтоқсан аралығында

Электрондық пошта: info@fmalm.nis.edu.kz