“Қарты бар ел – қазыналы ел” сурет көрмесі

“Қарты бар ел – қазыналы ел” сурет көрмесі

Қарт кісіні  құрметтеу  біздің  бала  кезімізден қанымызға  сіңген тәрбие.  1 қазан – Халықаралық қарттар күні: бізге үлгі болған, тәрбиесін бойымызға сіңірген қарттармызға  көңіл бөліп, қамқорлық көрсетуге, қоғамдық көлікте орын беріп, жолдан өте алмай тұрған әжеге көмектесуге,  өзіміздің ата-әжемізге  хабарласып, хал-жағдайын біліп немесе кез келген жақсы іс істеу үшін ерекше мүмкіндік және де қарттың көңілін білу ешқашан артықтық етпейді.

Осыған байланысты Алматы қаласы физика-матемтика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары мен кураторлары бірігіп сурет көрмесін өткізді. Көрмеде мектеп оқушыларының  ата-әжелерімен өткен қызықты, ұмытылмас кездерін еске түсіретін суреттері жианқталып көрсетілді.

Әр баланың өмірінде айырықша орын алатын қарттарымыздың төл мерекесінің бары, ол мерекені біздер атап өте алатындығымыз көңілге қуаныш сыйлайды.

Вам также может понравиться...