БІЗДІҢ ОҚУШЫЛАР ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА!

Өткен аптада Алматы РФММ негізінде Леонард Эйлер атындағы математика олимпиадасының жүлдегерлері марапатталды. Жалпы олимпиада үш кезеңнен тұрады: қашықтықтан, өңірлік және қорытынды. Қашықтықтан өтетін кезеңге 8 сыныптан жоғары емес сыныптардың қатысуға ниет білдірген барлық оқушылары қатыса алады. Өңірлік кезеңге қашықтықтан өтетін кезеңнің ең үздік қатысушылары өтеді.

Сынақ қорытындысы бойынша Алматы қаласы физика-математика бағытындағы «Назарбаев зияткерлік мектебінің» 7-сынып оқушысы Мушекбаев Амир III дәрежелі дипломға ие болса, ал мектебіміздің 8-сынып оқушысы Лавреньтев Артем арнайы грамотамен марапатталды. Сонымен қатар, 8-сынып оқушысы Жарылқасын Сафия грамота иегері атанып, үздіктер қатарынан көрінді.

Айта кетсек, Эйлер атындағы олимпиаданың көптеген жеңімпаздары болашақта оқушылардың республикалық, халықаралық олимпиадалардың қатысушылары мен жеңімпаздары атанады.

Вам также может понравиться...