БІЗДІҢ ОҚУШЫМЫЗ РОБОТОТЕХНИКА БОЙЫНША АҚШ-ТА ӨТКЕН САЙЫСТА ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

АҚШ-та робототехника бойынша оқушылар арасында әлем чемпионаты өтті. Физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 9 сынып оқушысы Лейла Шакаралиева Калифорниядағы Skills жарысында екінші орын жеңіп алды. Нәтижесінде біздің оқушымыздың «Shasta robotics» командасы 5 наурызда АҚШ-та болып өтетін халықаралық жарыстардың финалына өтті. Осы ретте, біз сізді өте мақтан тұтамыз және сізді осы маңызды және жауапты жеңісіңізбен құттықтаймыз! Біз сізге жаңа белестерге жетуді, табандылық пен еңбексүйгіштік тілейміз.

Айта кетсек, халықаралық роботтар жарысы — бұл 10-21 жас аралығындағы оқушыларға арналған чемпионат. Алғашқы фестиваль 2004 жылы Сингапурда өтті, қазір оған 54 елден 1500-ден астам дарынды балалар қатысады. Шығармашылық санаттағы қатысушылар берілген тақырыпқа жоба дайындайды. Жыл сайын негізгі және шығармашылық категорияға арналған тапсырмалар әр түрлі, әдетте, жылдан жылға күрделене түседі екен.

Вам также может понравиться...